Коронавирус • 28 Мамыр, 2020

Қызылорда: 7 тұрғыннан коронавирус белгісі байқалды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққандар қатарына тағы 7 адам қосылды. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

Қызылорда: 7 тұрғыннан коронавирус белгісі байқалды

Жаңадан анықталған науқастың үшеуі Қызылорда қаласынан, тағы үшеуі Арал ауданынан, ал бір тұрғын Жаңақорған ауданынан. Жеті науқастың үшеуінде ауру белгісі скринингтік тексеру кезінде анықталса, төрт дерек Атыраудағы «Теңізшевройл» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер арасынан тіркеліп отыр.

- Осы ретте «Теңізшевройл» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтардың талапқа бағынбай, дәрігерлер жұмысына кедергі жасап отырғанын жасырудың жөні жоқ. Олардың көпшілігі тест сынамасын тапсырудан, карантинге жатудан бас тартады. Бірақ осыдан 14 күн бұрын олар вахтадан келе салысымен тест сынамасы алынып, алғашында теріс мән көрсеткенмен уақыт өте келе сол азаматтардың арасынан кейін ауру белгісі анықталып отыр, – дейді басқарма басшысы.

Жақсылық Әбілқасымұлы қазір облыста 94 адамның ем алып жатқанын айтып өтті. Жансақтау бөлімінде жатқан 4 науқастың біреуінің жағдайы әлі ауыр.