Қоғам • 28 Мамыр, 2020

Елордада қалай онлайн жұмысқа орналасуға болады?

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының 117 инфрақұрылымдық жобасы бойынша бірнеше апта ішінде 78 жұмыс берушіге 2 370 адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада қалай онлайн жұмысқа орналасуға болады?

«Сіз cz.astana.kz порталының DKZ 2020 бөлімінде жобалардың тізімін қарап, өзіңізге сәйкес бос жұмыс орынын таңдай аласыз», – деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің https://t.me/MBekturova телеграм арнасында.

Сонымен қатар бұл қызметті офлайн режимде алуға болады. Ол үшін Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыспен қамту орталығына онлайн-кезекке тұру қажет. Әрі қарай маман бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және әңгімелесуге жолдама береді.

Толық ақпаратты «Атамекен» ҰКП мобильді жұмыспен қамту орталықтарынан, мына мекен-жайлар бойынша алуға болады: Бөгенбай батыр даңғылы, 6/5; Алаш тас жолы 31/1; Гете көшесі, 1; Н. Тілендиев даңғылы 24; Абылайхан даңғылы, 31; Ш.Уәлиханов көшесі, 24; Қабанбай батыр даңғылы, 21; Шалкөде көшесі, 1.