Биыл Шет ауданына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2020 жылға арналған жол картасы бойынша жалпы сомасы 990,8 млн теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы бойынша ауқымды жұмыстарға бөлінген қаржы қомақты, тек іске екі білекті сыбана кірісіп, жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру ғана қалған.

Карантиндік шектеулердің салдарынан туындаған кедергілерге қарамастан, бүгінде ауданда бұл жұмыстар жедел түрде басталып та кетті. Мысалы, қазір аудан орталығы Ақсу-Аюлы кентіндегі екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатырын жаңалау және сыртын қаптау жұмыстары қызу жүргізілуде. Аталған нысанға аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жергілікті тұрғындар да жұмысқа тартылған.
Сондай-ақ аудандағы ірі елді мекен – Ақадыр кентінде бірнеше көше бойымен жаяу жүргіншілер жолы салына бастады. С.Сейфуллин кентіндегі басты көшелердің жолына асфальт төсеу жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр.
Таяуда Шет ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы «Мобильді жылжымалы жұмысқа орналастыру рекуртті пункті» тобын ұйымдастырған болатын. Бүгінде аталған жоба қызметкерлері аудан бойынша елді мекендерді аралап, тұрғындарға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында берілетін мүмкіндіктер жайлы анықтамалар беру ісімен айналыса бастады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, аталған бағдарлама бойынша ауданның жұмыссыз жүрген 20 тұрғыны тіркеуге алынды. Олардың ішінде Ақадыр кентінің жеті, Ортау ауылының жеті және Көктіңкөлі елді мекенінің жеті тұрғыны жұмысқа орналастырылды. Мобильді топ жақын аралықта ауданға қарасты барлық елді мекендерге іссапармен шығуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Шет ауданында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2020 жылға арналып сегіз жобаға жалпы сомасы 686 млн 331 мың теңгені құрайтын қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, әлеуметтік сала бойынша төрт жобаға 279,5 млн теңге қаржы қарастырылған.
Осы жоба бойынша Ақсу-Аюлы ауылындағы көп жылдардан бері күтім болмаған орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге жалпы соммасы 525,0 млн теңге қаржы бөлініп, оның тендерін мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша 473,0 млн теңгеге «Аспап» өндірістік кооперативі жеңіп алды. Үнемделген қаржының өзі 52,0 млн теңгені құрады. Бүгінде жоғарыдағы қаржының биылға деп жоспарланған 200,0 млн теңгесі қолға тиіп, сәуір айынан бастап кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Айта кететін бір жайт, құрылыс жұмыстарына жергілікті жердің азаматтары да молынан тартылған.
– Шет аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді биылғы сәуір айынан бастадық. Жұмысқа 94 адам мен 5 техника күші жұмылдырылды. Олардың арасында жергілікті тұрғындар да бар. Бүгінгі күні жұмыс қарқынды жүргізілуде, – дейді «Аспап» фирмасының учаске бастығы Төлеухан Акеев.
Жалпы, аталған фирманың жұмысты уақытында және сапалы етіп бітіреріне деген сенім мол. Себебі, «Аспап» ӨК еліміздегі құпылыс нарығында 30 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан беделді және сенімді компаниялардың бірі.
Сондай-ақ аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин, Ж.Ақылбаев атындағы мектептердің және Ақсу-Аюлы ауылындағы балалар мен жасөспірімдер мектеп ғимараттарының қасбеттерін күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл жұмыстарға қажетті қаржы жеткілікті мөлшерде бөлінген.
Ауданнан жырақта жатқан ауылдардың қат-қабат мәселелері де назардан тыс қалмаған. Мысалы, биыл Босаға, Киікті ауылдарында су желілері ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ, қазақтың классик композиторы Сыдық Мұхамеджановтың туған ауылы Киіктіде орта мектептің құрылысы басталмақшы. Аудандағы Батық, Көктіңкөлі, Бұрма ауылдарындағы үйлердің шатыры, Ақжал елді мекеніндегі балалардың ойын алаңы жөндеуден өткізіледі. Ал Ортау, Ақшатау, Дәрия, Төменгі Қайрақты елді мекендеріндегі жолдарды қалыпқа келтіру жоспарда бар.
Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров бұл жұмыстармен қатар елді мекендердегі санитарлық тазалық пен абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарына да баса назар аударылатынын айтады. «Биылғы жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Жол картасы-2020» бағыты аясында аудандағы барлық ауылдық елді мекендерде тұрғындар игілігіне бағытталған бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Жалпы, осы бағыттағы атқарылатын шаруалардың сапалы орындалуын жіті назарда ұстайтын боламыз», деп сендірді аудан әкімі.
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар