Қазір тестілеуге дайындық online платформаларда жүріп жатыр.
– ҰБТ тапсыру барысында санитарлық талаптар қатаң сақталады. Облыста тест өткізу үшін сегіз орталық жасақталды. Қазір ҰБТ өткізудің сызбасы облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің келісіміне жіберілді. Тест ғимарат ішінде өтеді. Қазіргі жағдайға байланысты 86 аудитория дайындалуда. Лек саны артуда. Тест тапсырушылар 29 лекпен кіретін болады, - дейді Ақкенже Исанбергенова.