Зұлмат, зұлымдық – «қара түнек» деген мағына береді. Саңылаусыз, сәулесіз, соқыр қараңғылық. Күштеу, қинау, қырып-жою, зорлық-зомбылық жасау, адам өлтіру деген мағынасы да бар. Айдың нұры, жұлдыздың жарығы түспейтін түпсіз қараңғылықта жапанда жалғыз қалған адамның бойын қорқыныш билейтіні сияқты, зұлымдық та елдің бойына үрей болып енеді, сөйтіп сүйекке сіңеді. Зұлымдық – қолдан жасалады, зұлматты ұйымдастырған залым болады, ал зобалаңға ұшыраған жұрт «мазлұм» аталады. Бұл орайда «мазлұм» – қазақ халқы, ал «залымның» Сталин екені белгілі.

Аласапыранға толы өткен ғасырдың басы қазаққа алапат апат ала келді. «Жұт жеті ағайынды» демекші, халқымыздың басына төнген төңкеріс, ұжымдастыру, алапат аштық және жаппай қуғын-сүргін сияқты зұлмат жұртымыздың жартысын жалмады. Ақ пен қызылдың арпаласынан кейінгі жиырмасыншы, отызыншы жылдардың басындағы алапат аштықта қаймана қазақ қынадай қырылды. Адамды адам жеген алмағайып заман болды. Осылайша тұтастай бір ұрпақтың өсімі үзіліп қалды. Аштықты тереңдете түскен тәркілеу науқаны да халқымызға ауыр тиді. 1928-1929 жылдары асқан қатыгездікпен жүзеге асырылған бұл дүрбелең «аша тұяқ қалмасын» деген қызылкеңірдек ұранға ұласты. Қазақтың қолында тігерге тұяқ қалдырмауды көздеген зұлымдық ұжымдастыру науқанына ұласты. Елдің дәстүрлі шаруашылығына жасалған бұл қастандық қолында малы бар ауқатты байлар мен жалпы жұрттың шекара асуына себеп болды. Үдере көшкен олардың көпшілігі қызыл әскердің қолынан мерт болып, көмусіз қалған сүйектері сай-салада шашылып қалды. Бұған халқымыздың ақыл-ойын, жұртқа басшы болған Алаш арыстарын – ұлт зиялыларын қынадай қырған 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін жалғасты. Қылышынан қан тамған қызыл қырғын қазақты қаймағынан айырды. Жұрттың жадын, елдің тарихи санасын қалыптастыруға қапысыз қызмет еткен қабырғалы қайраткер ұлдары қуғынға ұшырап, ұлттың иммунитеті әлсіреді. Сондықтан қазақ халқының жұрт ретінде жер бетінен жойылып кету қаупі туған бұл зобалаң жылдар жоңғар шапқыншылығынан кейінгі ең бір қасіретті кезең болды. Мұны көптеген зиялылар ұлтқа жасалған «геноцид» деп бағалайды. «Этноцид» деп бағалайтындар да бар. Біз «зұлмат жылдар» деп атадық.
Қазақ даласын шарпыған аштық туралы сөз қозғағанда, біз көп жағдайда 1921 жылғы ашаршылықты назардан тыс қалдырып жатамыз. Болашақта осы мәселеге тарихшылар кеңінен тоқталып, аштықтың себеп-салдарын толыққанды зерделесе, қазақ халқының демографиясы, әлеуметтік жағдайы, бір сөзбен айтқанда, өткен ғасырдың басындағы күрделі кезеңнің тұтас тарихы өз бағасын алар еді. Осы жылдары Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан қатты зардап шегіп, соның салдарынан еліміздің батысы мен солтүстік өңірлерінде миллиондаған адам қайтыс болды. Сөйтіп халықтың 30 пайызы қырылды. Жығылғанға жұдырық, ел ішін аштықпен қатар сүзек, тырысқақ, оба аурулары жайлап, аяғы ауыр жұтқа айналды. Сеңдей соғылып сенделген халық қайыршылық күйге түсіп, қынадай қырылды. Мысалы, бір ғана Қостанай губерниясында аштық пен ауру салдарынан халықтың 75%-ға жуығы көз жұмды. Халық қолындағы бар малынан айырылып, ашаршылыққа ұшырап, тоз-тозы шықты.
Дәстүрлі мал шаруашылығы күйреп, ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі де күрт азайды. Осылайша қазақ халқы ашаршылықтың екінші кезеңін бастан кешті. Күштеп ұжымдастыру кезеңінде республикадағы мал саны 40,5 млн болса, 1933 жылы 4,5 млн мал басы ғана қалды. Сұрапыл аштық пен аурудан халық бас сауғалап көршілес өзбек, қырғыз, қытай жеріне үдере ауды. Өкінішке қарай, барған жеріне сіңіп кеткен қазақтың есебі әлі толық жасалған жоқ. Тіпті алапат аштықта опат болғандардың саны да әртүрлі деректерде әрқилы айтылып келеді.
Ғасырлар бойы елдік пен ерлікті ту еткен қазақ жұрты зұлмат жылдардан аман шықты. Тоқсан үшінші жылы Қазақстанда «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданып, 31 мамыр арнайы еске алу күні болып белгіленді. Келесі жылы осы ғасыр зұлматына 100 жыл толады. Осыған орай ашаршылыққа қатысты «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінен» бөлек, арнайы «Тағзым мен тағылым күні» белгіленсе, бүгінгі буынның бабалар алдындағы бір парызы орындалған болар еді деп ойлаймыз.
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар