Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Жүйелі жұмыс жеңіске жеткізеді

174 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізді. Бердібек Сапарбаев әуелі Мемлекет басшысының Жарлығымен 11 мамырдан бас­тап төтенше жағдай режімі тоқтатылғанын, дегенмен, әр өңірдің коронавирус бойынша эпидемиялық жағдайына байланысты карантиндік шаралар сақталып отырғанын жеткізді.

Жүйелі жұмыс жеңіске жеткізеді

Бүгінгі таңда облыста 358 адам коронавирус індетін жұқ­тыр­ған. Тараз қаласында 206, Қордай ауданында 46, Байзақ ауданында 34, Талас ауданында 12 жағдай тіркелген. Солардың ішінде 99 жағдай әскери, 22 жағдай медицина және 7 жағдай полиция қызметкерлерінен анықталған. «Қазір енгізілген каран­тиндік шараларға қара­мастан, тұрғындар қауіп­сіз­дік шараларына дұрыс кө­ңіл бөлмей отыр. Біздің өңір­де жалпы 7 лаборато­рия жұмыс істеп тұр. Бү­гін­де облыста барлығы 23 750 адам тексерілді. Олар­дың қатарында әлеу­мет­тік ма­ңы­зы бар мекеме қыз­мет­кер­лері, дәрі­гер­лер, әс­ке­рилер, полиция және тө­тен­ше жағдай қыз­мет­кер­ле­рі бар. Бұл жұмысты одан әрі жал­ғастыратын боламыз. Со­нымен қоса өңірге Теңіз Шевройл мекемесінде жұ­мыс істейтін 25 адам және өзге компанияларда вах­та­­лық тәртіппен жұмыс іс­тей­­тін жамбылдықтар келіп жатыр. Олардың арасында ауруды жұқтырғандар бар. Мәселен, «Үндістан-Тараз» рейсімен келген адам­дар­­дың арасынан 6 оқиға анықталған. Бүгінге дейін 173 науқас толық емделіп шықты. Қалған азаматтар бе­кі­тілген қаулыға сәйкес ем алуда. Науқастарды емдеу және оқшаулау үшін 1424 төсек-орын дайындалды. Қосымша 80 провизорлық төсек ашылды. Барлығы 1504 төсек-орын бар. Бұл жұ­мыстарға 867 медицина қыз­­­мет­кері тартылған. Қазір жат­­қы­­­зылған нау­қас­тар­дың са­­ны­на сәйкес 408 қыз­мет­кер жұмылдырылды. Ел Президенті медицина саласының қызметкерлеріне қосымша үстемеақы төлеу бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінде облыс бойынша 2 585 медицина қызметкеріне 409 млн теңге қаржы төленді», деді Б.Сапарбаев.

Облыс әкімі бұдан басқа, алдыңғы шепте жүрген сала қызметкерлеріне жағдай жасау үшін 6 қонақүйге 246 медицина қызметкерлері орналастырылғанын, олар­дың жүріп-тұруына арнайы тасымалдау жұмыстарының ұйымдастырылғанын және таңғы, түскі, кешкі аспен қам­тамасыз етілгенін жет­кіз­ді. Сонымен қатар әкім­нің айтуынша, облыста меди­циналық бұйымдар мен қа­жет­ті препараттар қоры жет­кі­лікті. Шұғыл шығын­дар­ға жалпы 1,5 млрд теңге кө­ле­мін­де қаражат бөлінген.

Сондай-ақ қажетті ме­ди­­циналық мақсаттағы бұ­йым­­дар мен зертханалық құралдарын, жеке қорғаныш құралдарын және дәрі-дәр­мек­тер сатып алу, оларды жеткізу жұмыстары ұйым­дас­тырылып, жүргізілуде еке­­нін айтты. Ал көпшілік та­рапынан қойылатын сұ­рақ­тар мен көтерілетін мә­се­­­лелерге жауап беру үшін «109 Жәрдем» Call-орта­лы­ғының базасында жылдам әрекет ету штабы құ­ры­­лып, бүгінге дейін 24 мың сұрақ түскен. Мұнда тиісті мекемелерден жа­уапты мамандар кезекшілігі ұй­ым­дастырылған. Әкім тұр­­ғындардың шалған қо­ңы­рау­ларына жылдам жауап беріліп, әрбір сұрақ бойынша шаралар қабылданатынын, сондай-ақ орталық күні-түні жұмыс істейтінін жеткізді.

«Біздің негізі міндетіміз – вирустың таралуына жол бермеу. Облыс аумағында орналастырылған барлық 25 блок-бекет әлі де күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Мұнда 221 адам, 60 техника жұмылдырылды. Халық денсаулығының қауіпсіздігін қор­ғайтын негізгі қалқан осы бекеттер болып отыр. Бұл жерде медицина, полиция, әскери қызметкерлердің жұмысына алғысымды айтамын. Сонымен қатар бе­кет­тердегі әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті мүл­т­іксіз, алгоритм талапта­ры­на сай орындау керек. Президент мемлекеттік комиссия отырыстарында үне­мі халықтың әлеуметтік әлеуе­­тіне баса назар аударып келеді. Осыған орай, облыс аумағында тұрғындарды әлеу­меттік қолдау бойынша кешенді түрде көмек көр­се­тіл­уде.

2020 жылы атаулы әлеу­мет­тік көмектің жаңа моделі бойынша 9,5 мың отбасына, яғни 52,2 мың адамға 1,5 млрд теңге төленді. Жал­пы бұл мақсатқа 10,9 млрд теңге қарастырылған. Кепіл­ден­дірілген әлеуметтік топтамамен атаулы әлеуметтік кө­мек алушы отбасындағы 1 жас­тан 6 жасқа дейінгі 18,3 мың балаға 1,2 млрд теңге қарас­ты­рылды. Төтенше жағдайға байланысты, 2 айлық есептік көр­сеткіштен төмен емес мөл­шерде аз қамтылған және әлеу­меттің әлсіз топтарына жататын тұрғындардың шо­ты­на мамыр айында 79,4 мың адамға 442 млн теңге төленіп, 100 пайызға орын­далды. Төтенше жағ­дай кезінде табысынан айы­рыл­ған азаматтарға 42500 теңге әлеуметтік төлем тағайын­дау­ға бүгінгі күні 300 мыңға жуық азаматқа барлығы 12,7 млрд теңге мөлшерінде төлем берілді», деді Б.Сапарбаев.

 Сондай-ақ әкім облыс аумағында тәркіленген азық-түлік және киім-кешектердің мұқтаж азаматтарға тараты­лып жатқанын жеткізді. Бүгінге дейін құны 484 млн тең­геден асатын 620 мың халық тұтынатын тауар балалар үйі, қарттар үйі, жас­өс­пірімдер үйі, интернат­тар сияқты әлеуметтік ме­ке­ме­лер­ге және аз қам­тыл­ған отба­сыларға тегін тара­тыл­ған. Ал Nur Otan партиясы облыстық филиалының «BizBirgemiz» акциясының аясында және демеушілер мен қайырымдылыққа жиналған қаражат есебінен 72 мың облыс тұрғынына 1,1 млрд тең­генің көмегі көрсетілген. Жал­пы, облыстың 400 мың тұрғынына 21 млрд тең­геге жуық әлеуметтік тө­лем­дер төленген. Бүгінгі таңда халық үшін маңызды мәсе­ленің бірі – төтенше жағ­дай кезінде коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу болып отыр. Бұл ретте облыс әкімі коммуналдық қыз­­меттерді өтеу жалпы есеп-ереже бойынша, ең кем де­генде 119 мың тұрғынға тө­л­е­­нетінін мәлімдеді. Сондай-ақ Б.Сапарбаев Қор­дай ауда­нын­дағы ахуал бо­йын­ша да ақпарат берді. «Ауданда бол­ған төтенше жағдай кезінде Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан толық бүлінген болатын. Президент тарапынан азаматтарға тиіс­ті заң талаптарына сай кө­мек көрсету тапсырылды. Арна­йы комиссия арқылы әрбір отбасының шығыны есеп­теліп, қайырымдылық қор­­ларына демеушілік қара­жат аударылды. Ауылдарды қайта қалпына келтіру жұ­мыс­тарын осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар орташа деңгейде зиян келтірілген 103 нысан демеушілердің көмегімен жөнделді. Жалпы, Қордай ауданын дамыту аясында құрылыс-жөндеу жұ­мыс­тарына биылдың өзінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» сынды бағ­дар­ла­ма­лар аясында қосым­ша 20,5 млрд теңге бөлінді», деді.

Брифинг соңында Б.Сапар­­баев басты міндет – індет­­тің таралуына жол бер­меу, азаматтардың ден­сау­лы­ғын барынша қорғау екенін жеткізді. Сонымен қатар жер­гілікті атқарушы және құ­қық қорғау органдары, ден­саулық сақтау ұйымдары тара­пынан ін­дет­тің алдын алу үшін қа­был­данып жатқан шара­лар­ға түсіністікпен қарап, карантин режімін бұзбауға шақырды. «Коронавирус пандемиясынан міндетті түрде өтеміз және біздің алдымызда облы­сы­мыздың дамуы мен өркен­де­уі жолындағы қыруар жұ­мыс­тар күтіп тұр», деді Б.Сапарбаев.

 

Жамбыл облысы