Спорт • 29 Мамыр, 2020

ҚХЛ қыркүйекте басталады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Құрлықтық хок­кей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы алдын ала болжам бойынша 2 қыр­күйекте бас­талады. Бұл туралы ҚХЛ-дің ресми сайты хабарлады.

ҚХЛ қыркүйекте басталады

Тұрақты біріншіліктің басталуы туралы ұйымдастырушылар тарапынан барлық командаға хабарлама жіберген. Дегенмен ҚХЛ басшылығы турнирдің басталуы ең алдымен пандемияның эпидемиялық жағдайы және Ресей мен тұрақты біріншілікке қатысатын команда елдеріндегі коронавирустың таралуын ескереді. Сондықтан бұл нақты дата емес, делінген ҚХЛ-дің ресми сайтында.

Еске сала кетейік, ҚХЛ-дің 2019/20 жыл­ғы маусымы коронавирус пандемия­сына байланысты мерзімінен бұрын аяқталған еді. Елорданың «Барыс» командасы Чернышев дивизионында топ жарып, Гагарин кубогы бәсекесінің екінші плей-офф кезеңіне дейін жеткен болатын.