COVID-19 індетінің таралуы әлемнің экономикалық дамуын ғана емес, адамдардың тіршілік ету қағидасына да түбегейлі төңкеріс әкелгені анық. Мәселен, ендігі жерде тұрғындар қарым-қатынас, жүріс-тұрыс әдеттеріне шектеу мен өзгерту енгізетіні сөзсіз. Сондай қалыптасқан қағиданың қатарында маусымдық демалыс дәстүрі де бар еді, енді жұрт бұл ұстанымынан бас тартпаса да, мейлінше сақтық шарасына көшіп жатқаны белгілі. Бұл, әрине, экономикалық табысы туризмнен түсетін қаржы көзіне тәуелді мемлекеттер үшін ауыр соққы болмақ.

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабек
Өйткені әлемде коронавирусқа дейін туризмнен түсетін табыс мұнай мен көлік өндіруден кейінгі үшінші орында тұрған болатын. Дүниежүзілік туризм ұйымының деректері бойынша туризм индустриясы ғаламшардағы жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін құрап келген. Әлемдегі инвестиция айналымының 11 пайызы да осы туризмді дамытуға бағытталған еді. Ал адамзатты жұмыспен қамту жөнінен де туризм индустриясы алдыңғы орында, мысалға жыл сайын жаңадан ашылатын он жұмыс орнының әрбір тоғызыншысы осы салаға тиесілі-тін. Енді осы қаржы ағынынан айырылу қаупі туып тұр. Дегенмен, туризм саласы дамыған елдер әрекет етіп, демалыс орындарына келетін адамдардың қауіпсіздігін қамтуды қолға алуда. Күні кеше Түркия барлық туристік нысанды толықтай сертификаттаудан өткізетінін мәлімдеді. Яғни мемлекет әуе компанияларын, қонақүйлерді, мейрамханалар мен дәмханаларды тыңғылықты тексеруден өткізіп, ортақ санитарлық талапқа бағындырмақ. Сертификаттаудан кейінгі нәтиже халықаралық туристік ұйымдарға ұсынылмақ. Осылайша Түркия билігі өз еліндегі туристік нысандардың тиімділігін арттырып, демалыстың қауіпсіз екенін дәлелдеуге кірісті. Өйткені түрік бизнесінің қазынасына түсетін табыстың 12 пайызы дәл осы туризм саласына тікелей тәуелді екен. Ал коронавирус хабары шыққалы бері бұл іс тоқырады деуге болады. Түркия билігі жариялаған соңғы мәлімет бойынша елдегі туристік нысандардың 99 пайызы тоқтап қалған...
Енді Қазақстандағы туризмнің дамуына оралайық. Бұл жерде кесімді пікір айту қиын. Себебі отандық туризм саласы ел экономикасының табысты бөлігіне айналған жоқ. Бірақ үміт бар. Өйткені қазақ даласының көп бөлігін жер жәннаты деп бекер атамаса керек. Тұмса табиғаты көз жауын алатын аймақ әлі-ақ әлем туризмінің отанына айналары анық. Қазірше жаһан жұртының назарына ілінген Жетісу жауһарлары жайында жағымды хабар жеткізумен шектеле тұрамыз. Қазір бұл өлкеде туризмнің дамуы жоғары деңгейде жүріп жатыр. Әсіресе әлемнің демалысқа құмар қауымын тұмса табиғат ғажайыбын көзбен көруге шақыру ісі қарқынды. Мәселен, соңғы 3 жылда Алматы облысы бойынша әлемдік онлайн-платформаға туристік локацияны жүктеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған екен. Атап айтқанда, GoogleMaps, Yandex карталарында және «TripAdison» сайтындағы Алматы облысының микросайтында өңір туралы 8 мыңнан астам локация пайда болды. Сол сияқты облыстық туризм басқармасы мен «Wikipedia» жалпыға бірдей қолжетімді энциклопедиясы арасында меморандум жасалған. Ал «YouTube» танымал бейнехостингіне қойылған «KZ-дағы демалыс. Жетісуға саяхат» бейнеролигін тамашалаушылар легі көбейіп келеді.
– Биыл аймақтағы кәсіпкерлерді цифрлы құралдарды қолдануға, жүктелген мәліметтерді белсенділендіру мен сараптауға үйрету жұмыстарын қолға алдық. Бұл туризмді дамытып, одан пайда табуға ынталы іскерлердің жұмысын жеңілдетуі тиіс. Сол сияқты сәуір айының соңында Тұңғыш Президент – Елбасы қорының қолдауымен «Most» бизнес-инкубаторының қатысуымен туризм бойынша «Global Online Startup Weekend: Covid-19 Edition» бірінші виртуалды хакатон ұйымдастырдық. Сөйтіп облыстың туристік саласы UNWTO «Healing solutions for tourism challenge» жаһандық бастамасына қосылды. Республиканың әр түкпірінен екі жүздей қатысушы жобаға үн қатып, көз ілеспес жылдамдықпен өзгеретін бүгінгі заманда туризмді дамыту міндетіне ортақ үлес қосуға ниетті, – дейді Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева.
Айтпақшы, облыста инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде соңғы 10 жылда Жетісуға келген туристер легі 3,5 есеге өскен, соның ішінде өткен 5 жылда бұл көрсеткіш тіптен көбейіпті. Дерек бойынша, осы аралықта жер жәннатына 2 227 000 адамның аяғы тиген екен. Бұл – өңірдегі туризмнің өрлеуімен қатар еншілес саланы да өзімен бірге өрге сүйреуіне жол ашқаны анық. Нәтижесінде нақты табысқа негізделген туристік кластер қалыптасты. Қызмет көрсету саласының жандануы жұмыс орындарының көптеп ашылуымен қатар тамақ өнеркәсібі мен көлік, байланыс қызметіне де сұраныс туғызбақ. Мысалға, өткен жылы облыста туристерді қабылдайтын 781 нысан жұмыс істеген-ді. Олар 2272,3 мың адамға қызмет көрсеткен. Ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 15,9 млрд теңгені құрапты. Ал ішкі туризмге жұмсалған қаржы 31,2 млрд теңгеге жуық. Демалыс аумақтарынан туристік нысандардың көптеп салынуы да инвесторлардың қызығушылығының зор екенін білдірсе керек. Мәселен, соңғы 5 жылда облыста жалпы сомасы 40,1 млрд теңгеге 196 туристік нысан жаңадан іске қосылған екен. Соның ішінде былтыр облыстың туристік картасында 48 су жаңа демалыс орны пайда болып, жалпы сомасы 19,3 млрд теңге болатын жеке инвестиция тартылған. Биыл 27 нысан салынып бітуі тиіс, оған 4,2 млрд теңге қаржы жұмсалмақ.
Жетісудағы жағажай туризмінің тамыр жайған тұсы – Алакөл жағалауы. Жыл басынан бері ғана осы ауданда 3 жаңа демалыс орнының құрылысы аяқталды, құйылған инвестиция мөлшері 110 млн теңгені құрады. Бұйырса, алдағы жылы Алакөл жағалауында коттеджді қалашық бой көтереді. «Alakol Apartments» деген атауы бар демалыс кешенінде әлемнің сұранысқа ие демалыс аумақтарындағыдай жағдайдың бәрі жасалмақ. Мұнда жазғы маусымда жұмыс істейтін амфитеатр да салынады. Жоба құны 4 млрд теңге шамасында екен. Ал таулы аймақтағы туризмнің өрісі Талғар ауданында кеңеюде. Бұл аумақта жұрт жиі баратын «Ойқарағай – Апорт» демалыс орны, «Ақбұлақ» тау-шаңғы кешені табысты туристік кластер құрап отыр. Сол сияқты Еңбекшіқазақ ауданындағы «Түрген» туристік кешенінің аумағын кеңейту жұмысы қолға алынуда. Іс нәтижелі болса, Түрген шатқалы да танымал тау курорттарының тізіміне қосылады. Тағы бір туристер назарынан тыс қалмайтын нысан Райымбек ауданында салынбақшы. Жалпы құны 542,7 млрд теңге болатын «Park Canyon» ойын-сауық кешені жеке инвесторлардың есебінен жүзеге асатын жоба болып отыр.
Алматы облысы
Түркістанда төрт бала мен бір ересек адамның денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 21:30
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар