Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Коронавирус инфекциясы 23 адамнан анықталды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олардың 19-ы – Семей, 3-еуі – Өскемен, 1 науқас Риддер қаласының тұрғыны.

Шығыс Қазақстан: Коронавирус инфекциясы 23 адамнан анықталды


Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам анықталды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың 19-ы – Семей, 3-еуі – Өскемен, 1 науқас Риддер қаласының тұрғыны.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 21 науқас бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған, қалған екеуі шет елден (РФ) келген бетте тексеруден өткен Қазақстан азаматтары.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған. Риддер қаласы тұрғынының жағдайы карантин және тексеру орны бойынша Шемонаиха ауданына жатқызылды. Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. 97 КВИ жағдайдың 12-сі сырттан әкелінген, 85 – жергілікті жағдай, оның ішінде Өскеменде 11, Семейде 76 жағдай, Шемонаиха ауданында сырттан әкелінген 5, Глубокоеда 2, Абай, Тарбағатай және Аягөз (сырттан әкелінген) аудандарында 1 жағдайдан.

Шығыс Қазақстан облысы