Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Жекеменшік білім беру ұйымдарының мәселесі талқыланды

850 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан баспасөз клубында Алматы қаласының 300-ден астам жеке білім беру ұйымдарының қатысуымен «Алматы қаласының жеке білім беру қызметін қайта бастаудың кедергілері» тақырыбында  онлайн режімде баспасөз жиыны өтті.

Жекеменшік білім беру ұйымдарының мәселесі талқыланды

Ата-аналар бастамашыл тобының өкілі Катира Өксікбаева Қазақстандағы құзырлы мекемелер, қала берді қазақ билігін  қаланың барлық білім беру мекемелерінің жабылуына байланысты білім беру саласында қалыптасқан апатты жағдайға назар аударуға шақыратынын айтты.

«Алматы қаласында білім беру ұйымдарынан басқа барлық жеке және мемлекеттік кәсіпорындарының ашылғаны бәрімізге мәлім. Шағын және орта білім беру бизнесі зор шығынға ұшырады. Шығындар көптеген мекемелердің: балалар білім беру орталықтарының, балабақшалардың, тіл  үйрету орталықтарының, музыкалық және спорт мектептерінің, балалар лагерлерінің банкроттығына әкелуі мүмкін» дейді Катира Өксікбаева.

Жиынға қатысқан спикерлердің айтуынша, қаладағы білім беру кәсіпорындарының басым бөлігі коммерциялық үй-жайларды өз бизнесі үшін жалға алған.

«Қазақстанда төтенше жағдай 2020 жылдың 11 мамырында аяқталды. Осыған байланысты жалға берушілер білім беру мекемелерінің иелерінен жалдау ақысын талап етуде. Ақы төлеу мүмкін болмаған жағдайда, жалға алушылар өздерінің коммерциялық үй-жайларын босатуы тиіс. Бұл ретте қызметті жүргізуге тыйым әлі күнге дейін сақталады» деген  бастамашыл топ өкілдері билікке айтар базынасын алдын-ала жұптап, хаттап келіпті. Олардың мән-мағынасы төмендегідей: 

  1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Еңбек кодексінің 112 бабына сәйкес жұмыс берушілердің қызметкерлерге жұмыстың тоқтатылуына байланысты ең төменгі жалақыны төлегенін қамтамасыз етті. Осыған байланысты, жеке білім беру саласындағы бизнес иелері ТЖ кезінде ең төменгі жалақыны төлеуге мәжбүр болды. Себебі, Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығына бірдей 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы берілмеді. Сондай-ақ біздің қызметіміз тоқтатылған кезде қызметкерлерге жалақы төлей алмаймыз.
  2. Педагогтар мен мұғалімдердің беделі төмендейді, себебі олардың көпшілігі ақылы төмен кәсіптерге жұмыс істеуге, кездейсоқ табыс табумен (еден жуушылар, ыдыс жуушылар, сатушылар) айналысуға мәжбүр.
  3. Алматыдағы балалардың өміріне қауіп төнеді. 2019 жылы Қазақстанда 100-ден астам бала өз пәтерлерінің терезесінен құлап кетті. Егер Алматы қаласының 0-17 жас аралығындағы барлық балалар қараусыз үйде қалатын болса немесе көшеде қыдыратын болса не болады? Балалар қылмысы, балалардың қатысуымен болған ЖКО, жарақаттар саны өседі, балалар жезөкшелігі артады.
  4. Психо-сөйлеу дамуы кешіктірілген балалар үнемі әлеуметтенуді, логопедтермен және психологтармен сабақтарды, логопедтер жүргізетін физиотерапиялық процедураларды қажет етеді. Бұл процесті тоқтату олардың ақыл-ой және психикалық дағдыларын күрт төмендетуі мүмкін.

Баспасөз  жиынын ұйымдастырушылар айтылған жайттарды құзырлы орындар қаперіне алатынына сенетінін айтып тарасты.