Кешегі кеңестің қанқұйлы заманындағы тарихтың қатпарына үңілсек, мынадай жантүршігерлік деректер алдымыздан шығады: 1921-1954 жылдар аралығында КСРО-да «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталып, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген екен. Ал Қазақстанды жеке алып қарасақ, қуғын-сүргінге 103 мыңға жуық адам ұшырап, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесіліпті. Олардың басым бөлігі ғалымдар, мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері сынды зиялы қауым өкілдері еді. Яғни, жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары қазақ зиялылары мен мемлекет қайраткерлерінің «қаймағы» сылып алынып, жазықсыз жазаға ұшырады. Олардың ішінде Қарағанды облысынан шыққан Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, Жанайдар Сәдуақасов, Абдолла Асылбеков сынды қазақ халқының аяулы ұлдары да бар еді...

Таяуда, кеншілер астанасында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» – «Память во имя будущего» атты халықаралық мәдени жоба аясында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн режімінде дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.
Тағылымды іс-шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар ат салысып, өткен тарих қасіретінін сабақ алу қажеттілігі туралы қашықтан әңгімеледі.
Онлайн-отырыста Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын бұл күннің Қазақстан халқы үшін ерекше маңызға ие екендігіне тоқталды.
– Қарағанды облысы депортацияланғандарды қабылдады. Мұнда қуғын-сүргінге ұшырағандар жазасын өтеген арнайы лагерьлер болған. Тоталитаризм қылмыстары көптеген отбасыларды ойрандады. Бұл қайғылы оқиғаны жадымыздан шығармай, ол туралы жас ұрпақ біліп жүрсін десек және мұндай оқиғалар тарихта қайталанбауы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасау – біздің қасиетті борышымыз, – деді ол.
Онлайн-жиын барысында Қарағанды облысының ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Қарағандыдағы Bolashaq академиясының бірінші проректоры Гүлнар Рысмағамбетова Қазақстанда 1997 жыл «Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланғанын еске салды.
«Осы жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды. 2011 жылдан бастап ол «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» деп аталды», деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, Гүлнар Рысмағамбетова белгілі ғалым, Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбековтің басшылығымен Bolashaq академиясының біраз жылдардан бері саяси қуғын-сүргін фактілерін зерттеумен айналысып келе жатқанын, осы бағытта атқарылған істер жайын хабардар етті.
– «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында ғылыми-зерттеу сипатындағы үш тілде 40-тан астам кітап жарық көрді, – деді ол.
Ал ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, «Азаматтық әлем» халықаралық коалициясының президенті Қазбек Қазкенов аталған жобаның Қазақстандағы идеологиялық жұмыс пен жаңа дүниетанымның бір бөлігі екендігіне баса мән берді.
– Радикалды идеологияның заманы өтті, бірақ біз тарихтың ащы сабағынан дұрыс қорытынды жасап, оның зардаптарын ұмытпауымыз керек. Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихи жадыны жаңғыртуға және дамытуға зор үлес қосып келеді, – деп атап өтті ол.
Онлайн режімінде өткен дөңгелек үстел отырысында Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы деректі фильм мен телебағдарламалар түсіруді ұсынды. Бұдан бөлек, ғалым мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов туралы мазмұнды зерттеу еңбектерінің жоқтығын алға тартып, алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толтыру керектігін айтты. Нұрсахан Бейсенбекова биыл туғанына 125 жыл толған мемлекет қайраткерінің орталығын Қарағандыдағы «Достық үйі» жанынан ашса деген ұсыныс-тілек айтты.
Сондай-ақ, қашықтан өткен жиында қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткер Ілияс Ахметовтің ұрпағы, «Алашорда» партиясының мүшесі, жазушы Фараби Ахметов, Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатының бөлім меңгерушісі Ольга Беркун, «Литуаника» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Виталий Тварионас, «Вайнах» чешен-ингуш бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сулим Исакиев және басқалар сөз сөйлеп, кешегі қилы заманда жер ауып келген талай ұлт пен ұлыс баласының қазақ халқының бауырмалдығының арқасында бүгінгі күнге аман-есен жетіп, өсіп-өркендеп отырғанынан әңгіме қозғады.
Зұлмат жылдары КСРО-ның түпкір-түпкірінен Қазақстанға саяси тұтқындар мен халық жауының туыстары мәжбүрлі түрде қоныс аударылған еді. Піл сауырлы Сарыарқа үлкен түзету лагеріне айналды. Мәселен, бір ғана Қарағандыдағы еңбекпен түзету лагерьлерінің аумағы 1931 жылы 53 мың гектар болса, 1941 жылы 1 780 650 гектар ұлан-ғайыр даланы қамтыпты. Егер 1931 жылы КарЛаг-та 14 бөлімше және 64 учаске болса, олардың саны жыл сайын көбейе түсіп, 1941 жылы 22 бөлімше, 159 учаске, ал, 1953 жылы 26 бөлімше және 192 лагерь нысандарына жеткен. Бұл қасіретті лагерьлердің құрамында халық жауларының әйелдеріне арналған АЛЖИР, әскери тұтқындарға арналған Спасск, ҚарЛаг, СтепЛаг атты еңбекпен түзету орындары жұмыс істеді. Жазықсыз жапа шеккендердің көз жасы мен табанының ізі, қолының табы қалған қасіретті орындар бұл күнде мұражайға айналған.
Қарағанды облысы
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар