Парламент • 29 Мамыр, 2020

Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Дипломат Сенат Төрағасын Палата басшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында екі елдің мемлекет басшылары арасында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру аясындағы бағыттар сөз болды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, өңіраралық және шекаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар мемлекеттер арасындағы екі жақты және көпжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі күшейту қажеттігіне назар аударды.