2013 жылғы 14 тамыз, Астана қаласы
«Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4725 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылы, шілдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 5-тармағына сәйкес бұйырамын:»;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесiндегi:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ереже «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына сәйкес әзірленген және мұражайдың қор сақтамасындығы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу тәртібін белгілейді (әрі қарай - Ереже).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтау қоймасының әрбір ашылуы қор сақтаушының қол қоюымен ашу мақсаты көрсетіле отырып тігілетін, нөмірленетін, жауапты тұлғаның қолы қойылатын, мұражайдың мөрімен бекітілетін арнайы журналда белгіленеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қайта жаңғыртушылар мұражайдың сақтау қоймасына қайта қалпына келтiрудi талап ететiн мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын анықтау мақсатында ғана кiру құқығы бар. Мұражай жәдiгерлерi мен мұражай коллекцияларын қайта жаңғырту жұмыстарына қабылдау-беру және оларды қайта жаңғырту жұмыстарынан алу осы Ереженiң 2-қосымшасында берілген формаға сәйкес актiлерімен рәсiмделедi.»;
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Министр М.Құл-Мұхаммед.
Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай
коллекцияларына қол жеткiзу ережесiне 1-қосымша
Нысан
______________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Мұражай iшiндегi алу-беру АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____
Біз, төменде қол қойғандар _____________________________________________ _____________________________________________________________________________
(Мұражайдың бас қор сақтаушысы, қор сақтаушы, Т.А.Ә.)
тапсырды_____________________________________________________________________
(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті сақтауға уақытша қабылдап алды:
Түсiм
кiтабы бойынша
№ инвентарлық №
(түсiм кiтабының нөмiрi болмаған жағдайда) Атауы және қысқаша сипаттамасы Материалы, техникасы Өлшемi, салмағы бағалы метал дар үшiн Сақталуы Ескерту
Берiлу мақсаты:________________________________________________________________
Негiзi: _______________________________________________________________________
Берген: ______________________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды:_____________________
Қатысқандар:_________________________________________________________________
Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдiгерлерi мен мұражай
коллекцияларына қол жеткiзу ережесiне 2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қайта жаңғыртуға қабылдау-беру АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____
Бiз, төменде қол қойғандар, _____________________________ _____________________________________________________________________________ ___________________________________________
(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
қайта жаңғыртуды қажет ететiн мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын өткiзгендiгi, ал ________________________________________________ _____________________________________________________________________________
(қайта жаңғыртушы/лар, Т.А.Ә.)
қайта жаңғырту жүргізу мақсатында төмендегi мұражай жәдiгерлер мен (немесе) мұражай коллекцияларын материалдық жауапкершiлiкті сақтауға уақытша қабылдап алғандығы туралы осы актi жасалды:
№ р/с Инв. № Атауы Сақталуы Ескерту
Барлығы осы актi бойынша ___________________________ дана өткiзiлдi (сақтау бiрлiгi)
Өткiздi______________________________________________________________________
Материалдық жауапкершiлiктi сақтауға уақытша қабылдап алды _____________________
Нысан
_____________________________________________________
(Мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы
_______________________________
«___» _____________ 20___ж.
Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қабылдау-беру АКТIСI
«___» _________ 20__ ж. № _____
Бiз, төменде қол қойғандар, қор сақтаушылар ________________________________ _____________________________________________________________________________ _______________________(тұлғаның атауы, Т.А.Ә.)
қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қабылдап алғандығы, ал қайта жаңғыртушы/лар ____________________________________ _____________________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
төмендегi мұражай жәдiгерлерi мен (немесе) мұражай коллекцияларын қайта жаңғыртылудан өткiзгендiгi туралы осы актiнi жасалды:
№ р/с Инв. № Атауы Қайта жаңғырту жұмыстарының түрлерi Ескерту
Өткiздi_______________________ Қабылдап алды ____________________
Қайта жаңғыртылған мұражай жәдiгерлерi және (немесе) мұражай коллекциялары қайта жаңғырту жұмыстарынан соң қайтарып алынды.
«_____» __________ 20_____жыл.
Қор сақтаушының қолы_____________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8706 болып енгізілді.