Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Б.Қамалиев республикалық маңызды жолдардың жаңару жұмыстарымен танысты

114 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан республикалық маңызға ие «Талдықорған – Өскемен» (287-880 шақырымы) және «Үшарал-Достық» (0-180 шақырымы) автомобиль жолдарының учаскелерін тексеріп қайтты, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Б.Қамалиев республикалық маңызды жолдардың жаңару жұмыстарымен танысты

Вице-министр, сондай-ақ ««QazAvtoJol» ҰК» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының басшылығы, «Талдықорған-Өскемен» жобасын іске асырып жатқан «CITIC Cinstruction Co.Ltd» ЖШС, «К-Дорстрой» ЖШС сияқты мердігер ұйымдардың және «Үшарал-Достық» автомобиль жолында қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатқан «АБК-Автодор НС», «Қыран» ЖШС компанияларының өкілдері қатысқан кеңейтілген отырысқа төрағалық етті.

Еске салайық, реконструкциядан өткен соң, «Талдықорған – Өскемен» тасжолының 32 шақырымы төрт жолақты 1 техникалық санаттағы,  тасжолдың қалған 561 шақырымы қозғалысқа арналған 2 жолағы бар ІІ техникалық санаттағы жол болмақ. Ұзындығы 180 шақырымды құрайтын «Үшарал-Достық» жолы да 2 жолағы бар екінші техникалық санаттағы жолға сәйкестендіріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Алматы облысына жасаған жұмыс сапарының аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары бірқатар кеңес өткізіп, «Шамалған станциясындағы жол өтпесінің құрылысы», «Алтын Орда» базары маңындағы «Алматы-Бішкек» жолының 16-19 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу», «Алматы-Бішкек» жолының (785-786 шақырымы) «Асыл Арман» ТК ауданындағы (18-19шақырымы) учаскесін күрделі жөндеу» сияқты басқа да инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты.

Вице-министр Берік Қамалиев мердігер ұйымдардың басшыларына жұмыс қарқынын төмендетпей, жол учаскелерінің толық бойындағы қозғалысты биыл ашуды тапсырды.