02 Қазан, 2013

Мәскеудегі Нигерия елшілігіне студенттер наразылық білдірді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02 10-Maskeudegi Nigeriya elshiligiМәскеудегі Нигерия елшілігіне студенттер наразылық білдірді. Бұл туралы «vesti.ru» хабарлады.

Мәскеудің жоғары оқу орындарында білім алып жүрген Нигерияның 20 студенті өз елшілігіне шағымданып келген болатын. Олар өздеріне тиесілі шәкіртақының біраз уақыт бойы берілмей жүргеніне наразылық білдірген. Алайда, Нигерия елшілігі өкілдері студенттердің мәселесін шеше алмай, олардан мекемені босатуды талап еткен көрінеді. Ашынған студенттер ондағы жиһаз бен техникалық құрал-жабдықтарды сындырған.

Ресей ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуі бойынша, оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 16 студентті ұстаған. Қазір оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

«Біз Ресейдің халықтар достастығы университеті Нигерия студенттерінің талабын қолдаймыз. Өйткені, Нигерия үкіметі өз студенттерін қаржыландыруға міндетті»,–дейді университет ректоры Владимир Филиппов.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • 31 Желтоқсан, 2025