Әлем • 30 Мамыр, 2020

Трамп Нью-Йорктің көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлді

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Financial Times халықаралық іскерлік газетінің мәліметінше, АҚШ-тың президенті Дональд Трамп федералды қаржыландырудың есебінен Нью-Йорктің қалалық көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлуге пәрмен берген. Бұл туралы Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо мәлім етті деп жазады басылым.

Трамп Нью-Йорктің көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлді

Губернатор Нью-Йорк пен оның айналасындағы қоғамдық көлік жүйесіне жауапты МТА (Metropolitan Transportation Authority)  компаниясына 3,9 млрд доллар көлемінде алғашқы жарна аударылғанын жеткізді. Таяуда компания метро вагондарын жинақтау жиілігін ұлғайтып, бұл қосымша шығындардың қаржыландыруына алып келді.  Осының салдарынан билет саудасынан түсетін табыс күрт азайды.

Қоғамдық көлік жүйесінде жұмыс істейтін компаниялар нарықтағы конъюнктураны ескеріп, бизнесті жүргізудің тың тәсіліне көшті. Солтүстік Мичигандағы Charlevoix County Transit (CCT) бұл - үлкен орталықтар ұсынатын тамақ өнімдерін, азық-түлік жиынтығын қарт адамдар мен сыртқа шыға алмайтын қауіпті санаттағы адамдарға арналған дәрі-дәрмектерді үйге дейін жеткізіп беретін транзиттік провайдерлердің бірі. Сол секілді транзиттік агенттік мектептердегі тамақтану орындарына немесе студенттерге жеңілдікпен яки тегін тамақ ұсынатын жергілікті мейрамханаларға дейін халықты жеткізумен айналысады.

Тағы бір мысал ретінде Rabbit Transit-ті келтіруге болады. Бұл Пенсильвания штатының орталығы мен оңтүстік-орталығының 10 ауылдық округіне қызмет көрсететін қоғамдық көлік жүйесінің аймақтық басқармасы. Пандемияға байланысты аталған оператор жергілікті денсаулық сақтау жүйесімен әріптестік негізде тұрғылықты мекені жоқ адамдар мен қауіпті санаттағы отбасыларды зерттеу орталықтарына және қауіпсіз карантинді орындарға тасымалдауды қамтамасыз етті.

CCT секілді Құрама штаттағы көптеген транзиттік компаниялар тарифтерден бас тартып, жүргізушілер мен жолаушылардың арасын оқшауландыратын түрлі жабдықтар орнатуда. Бұл ақылға қонымды шешім болғанымен оның компанияларға тигізетін теріс әсері көп. Мысалы, Rabbit Transit аптасына 34 000 доллар жоғалтып келеді.

Америкалық тасымалдаушылар «Жақын қамқорлық туралы» Заң транзиттік бюджеттің шығыстарын 25 млрд долларға дейін қысқартуға ықпал етіп, салалық операторларға жылдам әрекет етуге жол ашатынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше