Әлем • 30 Мамыр, 2020

Лондонның қоғамдық көлік жүйесіне 1,6 млрд фунт бөлінеді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

BBC-дің хабарлауынша, Ұлыбританияның билігі Лондонның қоғамдық көлік жүйесін қолдауға 1,6 млрд фунт (1,95 млрд доллар) бөлмек. Таратылған ақпаратына сәйкес, бұл қаражат Біріккен корольдіктің астанасындағы Transport for London (TfL) көлік операторына беріледі.

Лондонның қоғамдық көлік жүйесіне 1,6 млрд фунт бөлінеді

Бөлінген ақша коронавирустық инфекцияның кең етек алуына байланысты дағдарысқа ұшыраған лондондық кәсіпорынның жағдайын қалпына келтіруге тиіс дейді британ билігі.

Әйтсе де үкімет Лондонның метро жүйесі жұмысты толық көлемде жаңғыртуы тиіс деген талап қойды. Карантинге байланысты шаһарда ондаған станция жабылып, пойыздардың қозғалыс аралығы айтарлықтай артқан-ды. Бірақ көлік министрі Грант Шэппс бұл мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қалалық қоғамдық көліктерде жолақысы қымбаттау мүмкін екенін жасырмады.