Әлем • 30 Мамыр, 2020

Сингапурде автобуста телефонмен сөйлесуге тыйым салынды

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сингапур билігі қоғамдық көліктерде ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салды. Бұған қоса вирусты инфекцияның таралу қаупін азайту үшін автобуста адамдарға бір-бірімен сөйлеспеуге кеңес берілді. Бұл туралы үкіметаралық жұмыс тобының отырысында айтылды. Аталған елде 1 маусымнан бастап карантин режімі біртіндеп алынады деп көзделуде.

Сингапурде автобуста телефонмен сөйлесуге тыйым салынды

«Қоғамдық көлікте бір метрге дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын екенін түсінеміз. Қалыпты өмір реттелгенде көптеген кәсіпорындар қызметтеріне оралып, мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақтар басталады. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылдау қажет. Атап айтқанда, метро мен автобустарда қатынайтын тұрғындар телефон арқылы, сол секілді бір-бірімен сөйлесуден бас тартуы керек», - деді Сингапурдың ұлттық даму министрі Лоуренс Вон.

Бұдан басқа, қоғамдық орындарда медициналық бетперделерді тағып жүру талабы сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше