Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Қайырымдылық – асыл қасиет

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайырымдылық адамның асыл қасиеті. Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы, пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қол ұшын созуды игі дәстүрге айналдырып келеді.

Қайырымдылық – асыл қасиет

1 маусым- балаларды қорғау күніне орай қалалық пробация қызметі,  пробация есебінде тұратын 8 жасөспірімді  мерекесімен  құттықтады.

Пробация қызметкерлері, «Ел-Арай» қоғамдық қоры, «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық ресустық орталығы мамандары балаларға азық- түлік себеттерін таратып, киім- кешек, оқу құралдарын табыстады.  

Жаны жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың ата- аналары  пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушы азаматтарға алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше