02 Қазан, 2013

АҚШ мемлекеттік аппаратын қаржыландыру уақытша тоқтатылды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02 10-Amerika ak uiБүгін АҚШ президенті Барак Обама америкалық бюджеттің бекітілуіне байланысты туындаған мәселелерге орай Малайзия мемлекетіне сапарын кейінге қалдырды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Америка президенті 11 қазанда өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысуы керек еді. Алайда, ол жоғарыдағы мәселеге байланысты бара алмай отыр.

Жалпы, ортақ мәміленің болмауына байланысты он жеті жылда бірінші рет АҚШ мемлекеттік аппаратын қаржыландыру мәселесі тығырыққа тірелді. Ал кеше мұндағы көптеген мемлекеттік мекемелер өз жұмыстарын уақытша тоқтатты. Осыған байланысты 800 мың қызметкердің еңбек демалысына мәжбүрлікпен шығуы мүмкін.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар