Қарағандылық ғалымдар ісік ауруының бетін қайтаратын ащы жусаннан әзірленген арглабин дәрісін ойлап тапты. Бұл дәріні қазір әлемнің 11 елі патенттеген. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиевтің мәлімдеуінше,біздің елде өкпе ісігі мен асқазан, ішек, сүт бездерінің қатерлі ісігі белең алған. Нақты айтқанда, соңғы 5 жыл ішінде қатерлі ісік тырнағына іліккендер саны 4,4 пайызға өскен. Дегенмен, жоғарыда аталған дәріні қолданысқа енгізгелі бері оң нәтиже берген көрінеді. Негізінен бұл дәріні бауыр, жатыр мойыны, сүт бездері мен өкпенің қатерлі ісігіне қарсы қолданады екен. Ал осы уақытқа дейін мұны 3 мың сырқат пайдаланған және соның 76 пайызына оң әсер еткен.
Бақытбек Кенешұлы.