Аймақтар • 31 Мамыр, 2020

Атырауда жоғалған бала жарты сағатта табылды

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Атырау қаласында тоғыз жасар бала туысының үйінің ауласынан жоғалып кеткен.

Атырауда жоғалған  бала жарты сағатта табылды

– Атырау қалалық полиция басқармасының 102 нөміріне Махамбет көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген 2011 жылғы баланың жоғалғаны туралы хабар түсті. Әйел адамның айтуынша, оны қаланың шеткері шағынауданында тұратын бауыры уақытша қарауға қалдырған, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Жоғалған баланы іздеуге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Арада жарты сағатқа жуық уақыт өткенде ювенальды полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Ерлан Өтениязовтан рация арқылы жоғалған баланың Абай-Достық көшелерінің қиылысындағы үйлердің ауласынан табылғаны туралы  хабар түсті. Баланың айтуына қарағанда, ойнап жүріп, туысының үйінен ұзап кеткенін байқамаған.