Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы еліміздегі адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арналды. Шын мәнінде адам капиталы – кез келген қоғамның даму бағдарын айқындайтын басты қозғаушы күштердің бірі.

Әдетте Тәуелсіздік жылдарында ең көп реформа білім беру жүйесі мен ғылымға жасалды деген сынды жиі естиміз. Ұлттық жүйемен сәтті үйлесім тапқаны бар, сәтсіз тәжірибе деңгейінде қалып қойғаны бар, шынында да білім беру саласында көптеген реформа жүргізілгені жасырын емес. Дәуіріміздегі технологиялық жетістіктер білім беру жүйесінің бұрынғысынша консервативті сипатта қалмай, үнемі өзгеріске ашық, неғұрлым динамикалық дамуға бейім болуын талап етеді. Алайда реформа үшін реформа концепциясы да аса қауіпті. Сондықтан да ендігі кезекте дамуға бет бұрып, бағыт алған мемлекеттер үшін қоғамның талқысына салынып, шынайы кәсіби мамандардың сараптауынан өткен реформалар ғана жемісті болмақ. Осы тұрғыдан алғанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұл жолғы отырысы білім беру мен ғылым саласы мәселелерінің мәнін жетік ұғынатын мамандардың, мемлекетшіл тұлғалардың мәжілісіндей болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткеніндей, Кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар мен ортаға салынған келелі ойлар ұлт келешегінің бағытын айқындап, бағдарын нақтылайтын бастамаларға айналады деп сенеміз.
Қала мектептері мен ауыл мектептерінің білім беру сапасындағы алшақтық – еліміздің бастауыш және орта білім жүйесіндегі өте өзекті мәселелердің бірі. Мұның негізгі себептеріне тоқталған мемлекет басшысы мәселені нақты шешу жолдарын ұсынып, жыл соңына дейін қысқа мерзімде шешілуі тиіс міндеттерді атап көрсетті. Ең әуелі жеткіншектеріміз үшін сапалы білім қолжетімді болуы керек. Өкінішке қарай, қазіргі кезге дейін ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру мәселесінде кешенді шаралардың қолға алынбағанын жасыра алмаймыз. Көбіне ауыл мектептерінің түлектеріне мемлекеттік гранттардан квота бөлумен шектелдік. Білім сапасының төмендігі және қалалық жерлердегі қосымша курстар мен секциялардың қолжетімсіздігі салдарынан ауыл мектептерінің оқушылары көптеген инновациялық және технологиялық игіліктен шет қалуда. Әрине, Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі таңда ауыл баласы мен қала мектебінде оқитын балалардың мүмкіндіктері тең емес.
Ұстаздардың біліктілік деңгейін айтпағанның өзінде, еліміздегі ауыл мектептерінің оқу-әдістемелік, материалдық базасын қалалық жердегі мектептермен салыстыруға да келмейді. Заманауи ақпаратқа қолжетімділік тұрғысынан да ауыл мектептерінің мүмкіндіктері шектеулі. Бұл мәселе «Ауыл» партиясының активі бас қосқан жиындарда бірнеше мәрте көтеріліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне депутаттық сауал ретінде де жолданды. Аталмыш білім ошақтарында ауыл жеткіншектері де білім ала алатындай жүйе қалыптастыру қажет. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының қалаға жаппай көшуін аз да болса тежеп, урбанизация процесіне де оң әсерін тигізер еді. Өйткені ауылдық жерлердегі азаматтарымыз тек жұмыссыздық немесе әлеуметтік мәселелерге байланысты ғана емес, балаларына сапалы білім беру үшін де қалаға көшіп жатқанын жасырмай айтқанымыз жөн.
Мемлекет басшысының шешімімен 2025 жылға дейін ел көлемінде 800 мектеп, ауылдағы тірек мектептер үшін 114 интернат, 700-ден аса спорт кешені салынбақ. Мұның барлығы елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы үшін елеулі инвестиция болары анық. Білім саласы тек материалдық ғана емес, моральдық тұрғыдан да қолдау мен қамқорлыққа зәру. Президент тарапынан мұғалім мамандығының абыройын арттырып, беделін көтеру үшін де бірнеше жаңашыл бастама көтерілді. Педагогтарға арналған «Халық алғысы» медалін тағайындау да маңызды мамандықтың қоғамдағы мәртебесін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.
Ұлттық кеңес отырысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша түйткілді мәселелер төңірегінде тың шешімдер қабылданды. Президент 2021 жылдан бастап Тіл комитетін Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне беру туралы шешімін жария етті. Мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі белгілі бір ғылыми әдіснамалық негізге арқа сүйейтінін ескерсек, аталған шешімнің дұрыстығы күмән туғызбайды. Әсілі, кез келген тілді үйрену мәселесі білім беру жүйесіндегі бағдарламалар шеңберінде қолға алынғаны дұрыс. Ендігі кезекте мемлекеттік тілді үйрету бойынша бағдарламалар мен әдіснамалық құралдардың сапалық сипаттары білім беру жүйесі аясында тезге салынып, тиімді тәсілдердің туындауына жол ашады деп сенеміз.
Әлемдік пандемия мен карантиндік кезең еліміздің денсаулық сақтау жүйесін сынға алып, кемшін тұстарын айқындап берді. Ұлттық Кеңес отырысында бұл саланың да мәселелері күн тәртібіне алынып, Мемлекет басшысы бірнеше маңызды шешімдерін жария етті. Атап айтқанда дәрігерлердің жалақысын 2023 жылға дейін экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе көтеру, олардың құқығын қорғау және денсаулық сақтау саласының инфраструктурасын жақсарту бағытындағы маңызды қадамдар осы салада қордаланып қалған көптеген мәселенің түйінін шешеді деп білемін. Жыл соңына дейін «Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы қабылданбақ. Бұл да – бүгінгі әлемді жайлаған пандемия жағдайында еліміз үшін аса қажетті кезек күттірмес қадамдардың бірі.
Ұлттық кеңес қоғам өміріндегі түйткілді мәселелердің шешу жолын ұсынатын озық ой мен пайдалы пікір алмасудың алаңына айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ондағы бастамалардың көбі Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде жасалған. «Кеңесе пішкен тон келте болмас» дейтін халық даналығы Қазақстан қоғамының бүгінгі бет-бейнесін бедерлеп, болашақтағы бағытын айқындайтын батыл саяси-әлеуметтік және экономикалық қадамдардың берік баспалдағын қалыптастыруда. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бері бірлік, ынтымақ, толлеранттылықты басты құндылыққа айналдырған еліміздегі саяси сабақтастық үрдісі қиындықтарды ел болып еңсеріп, жаңаша шарттарда дамудың даңғыл жолына бастайды деп нық сеніммен айтуға негіз бар.
Әли БЕКТАЕВ,
«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы,
Парламент Сенатының депутаты
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар