Пікір • 01 Маусым, 2020

Уақыт талабымен үндескен бастама

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында адам капиталын да­мытуға арналған бірқатар маңызды мәселені қозғады. Соған байланысты нақты тапсырмалар бер­ді. Мұндай формат елімізде қо­ғамдық диалогтың ұлттық моделі қа­лыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Уақыт талабымен үндескен бастама

Отырыс барысында Ұлттық кеңес мүшелері де құнды пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Әлем қазіргі таңда жұқпалы індетпен күресте биологиялық қауіпсіздік мәсе­лесіне айрықша мән беріп отыр. Прези­дент осыған байланысты еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заң қабылдау керек екенін атап өтті. Медицина, білім беру салаларында да бірқатар түбегейлі реформаларды іске асыру қажеттігі туындап отырғанын айтты. Сондықтан Мемлекет басшысының бүгінгі ұсыныстарын заман талабына сай деп есептеймін.

 

Айгүл ҚАПБАРОВА,

Парламент Сенатының депутаты