Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Блокпостта жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер марапатталды

27 рет көрсетілді

Бүгін Қарағанды тас жолындағы «Жібек жолы» блок-бекетінде Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов вируспен күресуде алдынғы шепте болып, оның таралуына жол бермеу үшін белсенді жұмыс істеген  дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлерді марапаттады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Дәрігерлер, еріктілер мен полицейлер ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атынан грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

«Дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлер бірігіп, індетті жеңіп және тезірек үйреншікті өмірімізге оралуға көмектесті.  Полицейлер мен еріктілерге ерен еңбегі үшін алғыс айтамыз. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болды. Сіздер нағыз жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болдыңыздар», - деді Ержан Сәденов.

Еріктілер полицейлермен бірге рейдтер мен профилактикалық шараларға қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Учаскелік инспекторлармен бірге азаматтармен кездесіп, оларға қауіпсіздік шараларын еске салды. Дәрігерлер тәулік бойы адамдардың өмірін құтқарып, инфекциямен алдынғы шепте  күресті.

Карантин кезінде нағыз ерліктің ерен үлгісін көрсеткен полицейлер аз емес. Оның ішінде блок бекеттерден жүкті әйелдерді алып перзентханаларға, түрлі жарақаттармен келген науқастарды ауруханаларға жеткізген полицейлер бар.

Бұған қоса, Полиция департаменті карантин режимі аяқталмады, эпидемия жойылған жоқ. Сондықтан маска киіп, санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау керегін ескертті.

Соңғы жаңалықтар

Черногориямен ойнайды

Футбол • Бүгін, 07:55

Ұлт аспабы ұлықталды

Руханият • Бүгін, 07:54

Табиғат-ананы бүлдірмес болар...

Руханият • Бүгін, 07:46

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 07:45

Індет, індетпен күрес – міндет!

Медицина • Бүгін, 07:39

Қала рухы

Руханият • Бүгін, 07:37

Абайдың еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 07:30

Жанға сая жасыл белдеу

Экология • Бүгін, 07:13

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 07:08

Екі ақынның жырындағы елорда

Руханият • Бүгін, 07:01

Мерейі үстем Малика

Өнер • Бүгін, 06:40

Біз – волонтерміз!

Қоғам • Бүгін, 06:40

Mercedes өкілі топ жарды

Спорт • Бүгін, 06:35

Адалдың аты озады

Экономика • Бүгін, 06:34

Оттегі өндіретін цех салынады

Экология • Бүгін, 06:28

Қаулы орындалуымен құнды

Аймақтар • Бүгін, 06:25

Ақ желеңді жандар марапатталды

Медицина • Бүгін, 06:19

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 06:15

Елбасы тағылымы

Елбасы • Бүгін, 06:12

Көгілдір отынға қосыла бастады

Аймақтар • Бүгін, 06:10

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 06:04

Ұлттың батыр ұланы

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар