Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Қызылорда облысында карантиндік шаралар жеңілдеді

521 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 2020 жылдың 1 маусымынан бастап карантиндік шараларды жеңілдетудің алтыншы кезеңі іске қосылады. Осыған сәйкес бірқатар салалар мен ұйымдар өз қызметін қайта жандандырады. Ал бұрын іске қосылған ұйымдар жұмыс уақытын ұзартады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысында карантиндік шаралар жеңілдеді
1. Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақыты сағат 09:00 мен 22:00 аралығында ұзартылады;
 
2. Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмыс уақыты сағат 09:00 мен 20:00 аралығында ұзартылады;
 
3. Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақыты сағат 09:00 мен 22:00 аралығында ұзартылады;
 
4. Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақыты сағат 08.00 мен 19.00 аралығында ұзартылады; 
 
5. Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақыты сағат 11:00 мен 23:00 аралығында ұзартылады ((келушілер саны бір мезетте 30 адамнан аспауы тиіс); 
 
6. Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақыты сағат 10.00 мен 22.00 аралығында ұзартылады;
 
7.Қосымша білім беру орталықтары жұмысын қайта бастайды (барлық сыныптар үшін 10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін); 
 
8. Спа-орталықтары, ашық жағажайжар ашылады (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
 
9. Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер жұмысқа қосылады (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
 
10. Қоғамдық демалыс парктері ашылады (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);
 
11. Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толық іске қосылады;
 
12. Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосылады;
 
13. Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар ашылады; 
 
14. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосылады;
 
15. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосылады;
 
16. Эпедемиологиялық ахуал күрделі қала, аудан, елді-мекендерді қоспағанда облыс бойынша орналасқан блок-бекеттер алынады