Шет ауданындағы Мойынты кентінде жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» акциясы аясында көпбалалы, жағдайы төмен мұқтаж отбасыларына сол өңірде жұмыс істеп тұрған «Бапы Майнинг» компаниясы 1 млн 405 мың теңгенің ақшалай көмегін көрсетті.

Бұдан бөлек, кенттегі дүкен ұстайтын жеке кәсіпкерлер, атап айтқанда Қартайған Балабеков, Минаш Әшімова, Клара Әбеуова, Ұлтусын Турабекова, Қарлығаш Тоқабаева, Алтын Аманбаева, «Айдын» шаруа қожалығының басшысы Айнұр Турабекова және әкімдік қызметкерлері де ортақ іске өз үлестерін қосып, мұқтаждығы бар тоғыз отбасына азық-түлік себеттерін табыс етті.
Сонымен қатар, ауыл жастары, еріктілер тобының бастамасымен ірі қара мал сойылып, оның еті тұрмысы төмен отбасыларға таратылып берілді. Бұған қоса, белсенді топ өкілдері жинаған 750 мың теңге қаражат пен азық-түлік себеттері әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға үлестірілді.
«Бапы Майнинг» компаниясының кенттегі терминалының қызметкерлері де қайырымдылық іс-шарасынан тыс қалмай, ауылдың бес отбасына азық-түлік толы себеттер таратты.
Мойынты кентінің әкімі Саяхат Турабеков «Біз біргеміз!» акциясының аясында ауызбіршілік танытып, игі бастаманы шын ниетпен қолдаған ауыл халқының ұйымшылдығын атап өтті.
«Қазіргі таңда Мойынты кентінде көшелерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта кентте спорт алаңы салынып, ауыл жастары арасында саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жобалар қолға алынады», дейді кент әкімі.
Мойынты кентінде ауыз су мәселесі де шешімін тапқан екен. Бүгінгі күнде су құбырлары ауылдағы әрбір үйге тартылған. Карантин шектеулері жеңілдетілгенімен, кенттегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуына баса мән беріледі. «Мұндай тәртіптің адам көп келетін жерлерде, нақтырақ айтқанда дүкендерде, мекемелерде орындалуына айрықша назар аударамыз. Бұл тұрғыда құрамына әкімдік қызметкерлері енетін арнайы топ рейдтер ұйымдастырып тұрады», дейді кент әкімі.
Ауыл халқы төтенше жағдай режімі мен карантин шектеулері кезіндегі қиын жағдайда жергілікті әкімдіктің шын жанашырлық танытып, дер кезінде көмек қолын созғанына дән риза. «Көптеген мұқтаж отбасылар осындай қамқорлықтың арқасында күрделі кезеңнің ауыртпашылығын аса қатты сезіне қоймады», дейді Мойынты кентіндегі ақсақалдар алқасының төрағасы Үмбет Адамбаев.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар