Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Шымкентте 421 сот отырысында балалар мүддесі қорғалды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Шымқалада 675 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға ай сайын асырап-бағуға жәрдемақы тағайындалып, төленуде. Бұл туралы қалалық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте 421 сот отырысында балалар мүддесі қорғалды

Мәселен, қорғаншылық бойынша -10 АЕК, патронаттық тәрбиеде – 6 жасқа дейінгі балаларға 9 АЕК, 6 жастан жоғары балаларға - 10 АЕК тағайындалады.

Бүгінде балаларға төленетін жәрдемақы көлемін ең төменгі жалақы деңгейіне сәйкестендіріп, көбейтуді қажет етеді. Бұл жағдай бала алуға үміткерлер санының артуына, балалар үйі тәрбиеленушілерінің азаюына септігін тигізіп, патронатқа берілген балалардың қайтадан балалар үйіне оралмауына зор мүмкіндік бермек.

2019-2020 жылдың мамыр айларындағы көрсеткіш бойынша 15 бала қамқоршылық пен қорғаншылыққа, патронаттық тәрбиеге берілсе, 11 бала қайтадан балалар үйіне оралған. Отбасындағы өмірлік қиын жағдайдың салдарынан қайта балалар үйіне оралу, тағы да жетімдікті сезіну - ауыр психологиялық соққы екені анық.

Басқарма қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері бойынша 2019 жылы - 1237 адамға, 2020 жылдың 5 айында – 387 рет мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ, 2019 жылы – 1339, 2020 жылдың 5 айында – 421 сот отырысына қатысып, балалардың мүддесі қорғалды.

Балалардың өмір-сүру сапасын зерделеу мақсатында 2019 жылы – 387, 2020 жылдың 5 айында – 127 тұрғын үйге актілеу жұмыстары жүргізілді.

 

Шымкент