Сыр сақшылары көпсалалы облыстық балалар ауруханасының 1-педиатрия бөліміне барды. Бұл бөлімде эндокринологиялық және неврологиялық аурулармен ауыратын балалар ем қабылдайды. Жиырма адамға арналған бөлімде жылына 1500-ге жуық бала ем алады.
Балаларды мерекемен құттықтаған полицейлер аурухана асханасына қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Департамент басшысының орынбасары Пазылбек Нәлібаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратты.
Аурухана басшылығы бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлаған тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.
Қызылорда облысы