03 Қазан, 2013

Музейге жәдігерлер жиналуда

486 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның көне заманынан бүгінге дейінгі тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің құрылысы аяқталу үстінде.

Осы мақсатта орындау негі­зінде экспозицияларды және қор­л­ар­ды толықтыру үшін Музей жеке және заңды тұлғалардан Қазақстанның көне заманынан бүгінге дейінгі тарихын жарқын бейнелейтін музейлік маңызы бар жәдігерлерді сараптау, сатып алу жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстанның көне заманынан бүгінге дейінгі тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің құрылысы аяқталу үстінде.

Осы мақсатта орындау негі­зінде экспозицияларды және қор­л­ар­ды толықтыру үшін Музей жеке және заңды тұлғалардан Қазақстанның көне заманынан бүгінге дейінгі тарихын жарқын бейнелейтін музейлік маңызы бар жәдігерлерді сараптау, сатып алу жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты жәдігерлер бойынша келесі бағыттарда ұсы­ныстарды жіберуіңізді сұраймыз:

- Қазақстанның минералдары және флорасы мен фаунасы, сирек кездесетін коллекциялар;

- археологиялық және этно­графиялық жәдігерлер;

- Қазақстан халқының дәстүрлі заттай және рухани мәдениет көрсеткіштері (кілемдер, кесте, ұлттық киім үлгілері, зергерлік бұ­йымдар, қару-жарақтар, ат әбзел­дері және т.б.)

- қолжазбалар, ескі кітаптар, бас­па құжаттары, басылым кітаптар;

- көне бірегей музыкалық аспап­тар, тиын, медальдар, мөрлер, пошталық маркалар, салықтық және балама маркалар, гравюрлар, мөртаңбалар және литографиялар;

- қазақтар мен Қазақстан жеріндегі өзге де халықтардың идеологиялық және эстетикалық түсініктері негізінде шаруашылық өмірлерін көрсететін, сирек кезде­сетін өнеркәсіптік және өндірістік заттар (еңбек құралдары, шаруа­шылық заттар, тігін машиналары, граммафондар, музыкалық аспаптар, жиһаздар және т.б.);

- Қазақстанның ғылымы мен техникасының тарихына қа­тыс­­ты бірегей мемориалдық зат­тар (мемлекеттік және қоғам қай­рат­керлерінің жеке заттары, ғылым өкілдері, сондай-ақ Қазақ­стан тарихындағы айтулы оқи­ғалар мен соғыс тарихына қатысты заттар);

- әлемдік, батысеуропалық және шығыс мәдениетінің қол­дан­балы өнерін көрсететін заттар;

- шетелдік авторлардың орын­дауындағы асқан шеберлік туындылары (суреттер, қолөнер туындылары, кез келген материалға салынған суреттер);

- Қазақстандағы кеңес және қа­зіргі кезеңіндегі атақты сурет­ші­­­­лердің көркемдік туындылары (гра­фикалар, мүсіндер, қол­данбалы өнер және майлы бояу туындылары).

Аталған заттар қолда болған жағдайда жәдігерлердің мәдени құндылығын бірдейлендіру саласында арнайы танымы бар мәдени және ғылыми мекемелердің сарап­тамасы негізінде жолдау­лары­ңызды сұраймыз.

Ұсыныстарды төменде көр­се­­­тілген кесте бойынша nmrk-­[email protected]. Элек­трон­дық мекенжайға жолдау­ла­ры­ңызға болады.

Жолдаушының ТАЖ, телефоны және пошта мекенжайы

Заттың атауы

Материал өлшемдері, сақталу күйі. Жасалған уақыты (шамамен)

 

Ұсыну құны

Түрлі-түсті суреті

 

 

 

 

 

Осымен қатар ұсынған заттарды уәкілетті комиссияның қарауы музейлік маңызы бар заттар бойын­ша анықталған ұсыныстардың са­нын алу және қажеттілігі бойын­ша жүзеге асатынын айта кету керек.

Заттарды алып келу немесе қайта алып кету шығындары (Комиссия қайтарған жағдайда) заңды және жеке тұлғалардың өз есебінен болады.

Анықтама телефондары: 8/7172/ 96-32-20, +7 701 191 23 69.