Балаларды қорғаудың халықаралық күні қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Жан шуағы» психологиялық орталығының мамандары Алматы қаласындағы балабақша тәрбиеленушілерімен психологиялық тренинг пен вебинар өткізді.

Онлайн форматта ұйымдастырылған шараны Қыздар университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова ашып, бұл атаулы дата елдің болашағы саналатын өскелең ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын күн екенін атап өтті.
– Құрметті достар! Баршаңызды бүгінгі балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын! Алаштың айтулы ақыны Мағжан Жұмабаев «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!» деп кейінгі толқынға үлкен үміт артқан. Расында да мемлекеттің келешекте қандай болмағы жаңа буынға тікелей байланысты екендігі рас. Олардың дені сау, білімді де білікті, зияткерлік әлеуеті жоғары болуы үлкен маңызға ие. Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен оқу орындары осы тарапта жүйелі жұмыс істеп жатыр. Атаулы күнге орай ұйымдастырылып отырған бүгінгі психологиялық шара да осының бір көрінісі іспеттес, – деді Жаңагүл Сұлтанова.
Вебинар барысында «Жан шуағы» психологиялық орталығының мамандары «Дәмелі» балабақшасының қызметкерлері, тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарына «Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру шаралары» тақырыбында түрлі жаттығулар жасап, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
– Мәселен, «Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы бүлдіршіндердің қайырымды, көңіл-күйінің жақсы болуына септеседі. Аталған ойын түрін күніне бірнеше рет қайталап көңіл-күйді көтеруге болады. Күлкі – мінез-құлықтың сиқырлы кілті. Адам күлгенде өз көңілінің күйін табады, денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың ахуалына да әсер етеді, – дейді психологиялық орталық директоры Күлмаш Елшібаева.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған шара соңында аталған балабақша директоры Гүлмира Сахыбаева сөз алып, осындай игілікті іске мұрындық болғаны үшін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымына алғысын білдірді. Сонымен қатар ол алдағы уақытта да оқу орнының психолог мамандарымен бірлесіп осы тақілеттес маңызды жиындарды тұрақты өткізіп тұруға ниетті екендігін жеткізді.
Айта кетейік, атаулы датаның 1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда негізі қаланған. Халықаралық балалар күнінің өзінің байрағы бар. Өсімді, үйлесімдікті, балғындық пен шұрайлылықты білдіретін жасыл түсті фонда көрсетілген Жердің айналасына қызыл, сары, көк және ақ стилизацияланған мүсіндер орналастырылған. Адамдардың бұл пішіні алуандылық пен төзімділікті білдіреді. Ортаға орналастырылған Жердің белгісі – ортақ үйіміздің символы.
Қазақстан • Бүгін, 08:09
Қоғам • Бүгін, 08:05
Елбасы • Бүгін, 08:04
Елбасы • Бүгін, 08:01
Мықты мәдениет – руханият қайнары
Аймақтар • Бүгін, 08:00
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар