![Елімізде 1200 қосымша білім беретін ұйым жұмыс істейді](/media/2020/06/01/bf9b88e7-e8b9-41c3-98f1-69988f00bb5c.jpeg)
«Қазақстанда 63 мың үйірме мен 1200 қосымша білім беретін ұйым жұмыс істейді. Қазір Оқушылар сарайлары, балалар технопарктері, үйірмелер мен өнер мектептері және тағы басқа желісін одан әрі ұлғайту міндеті тұр», деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, Қарағанды, Көкшетау, Түркістан, Қызылорда және ШҚО сияқты бірнеше өңірде мұндай орталықтардың құрылысы басталған. Ал Алматы қаласында қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқа өңірлерде де аталған бағыт бойынша жұмыс атқарылуда.