АҚШ-тың бірнеше қаласында өткізіліп жатқан Matchplay 120 жарысында қазақстандық теннисші Дмитрий Попко да бақ сынады. Турнирдің іріктеу кезеңінде отандасымыз төрт ойын өткізіп, соңғысында жеңіліп қалды. Алғаш АҚШ өкілі Маккензи Макдональдтан екі сетте басым түссе, екінші кездесуде Доминика теннисшісі Роберто Сидті 6:3, 3:6, 6:1 есебімен қапы қалдырды. Үшінші бәсекеде тағы бір АҚШ спортшысы Бьорн Фратанджелодан екі сетте айласын асырды. Есеп – 6:1, 6:3. Ал турнирдегі төртінші кездесуінде Попко дәл осы америкалық Бьорн Фратанджелодан 6:3, 1:6, 1:6 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өткізіліп жатыр.
Айта кетейік, індетке байланысты турнир барлық сақтық шарасын қатаң сақтап, көрермендерсіз өтуде. Додаға бірқатар төреші мен болбой қатыстырылмаған.