Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Жаңаөзенде күніне 1000 адам ХҚКО қызметіне жүгінеді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин мерзімінде халық қауіпсіздігі үшін ХҚКО уақытша жұмыстарын тоқтатып онлайн режімде қызмет жасады. Екі ай ішінде бірнеше адамның төлқұжаты мен жеке куәлігінің мерзімі өтіп, бірнеше адам қажетті анықтамаларын ала алмады.

Жаңаөзенде күніне 1000 адам ХҚКО қызметіне жүгінеді

Қазір Жаңаөзендегі орталықтың іске қосылғанына бір апта уақыт болды. Осы аралықта жеті мыңнан астам жаңаөзендікке мемлекеттік қызмет көрсетілді. 700 адам мерзімі өткен жеке куәліктері мен төлқұжаттарын рәсімдеп үлгерді. Осынша халыққа орталықта небәрі 15 маман қызмет көрсетеді. Елдегі жағдайға байланысты халық ішке кезекпен арақашықты сақтап кіргізіледі.

- Бұл ең бірінші кезекте халық қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара. Жаңаөзендегі орталық алдына халықтың кезек күтуіне ыңғайлы болуы үшін арнайы шатырлар орналыстырып, орындықтар қойдық. Орталық қызметіне жүгіну сәтінде сабырлық танытып, тәртіпке бағынсақ бұл кезек күткен жағдайлар да артта қалатын кез келеді, - дейді Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ филиал директоры Ербол Байжігіт.