Пациенттер осыған дейін КВИ жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар арасынан және скрининг барысында анықталды. Олардың 12-і Қарағанды қаласынан және 12 адам Теміртаудың тұрғындары.
Инфекциялық стационарға жатқызылған науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Олар тиісті ем-домды қабылдап жатыр.
Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Соңғы түскен мәліметтерге сай, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 956 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас індеттен көз жұмды және 255 адам жазылып шықты.
Қарағанды облысы