Атақты боксшылардың рейтингін әлемге әйгілі кіші Флойд Мейвезер бастап тұр. Биыл 43 жасқа толған америкалық боксшы 21 жылдық карьерасында 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыласынан басым түскен. Атап айтар болсақ, 1996 және 2017 жылдар аралығында Мейвезер мексикалық Хосе Луис Кастильо және аргентиналық Маркос Майданамен екі рет кездесіп, екеуінде де ұпай санымен басым түскен. Сондай-ақ Оскар Де Ла Хойя, Мигель Котто, Артуро Гатти, Заб Джуда, Мэнни Пакьяо, Сауль Альварес және тағы басқа атағы дардай боксшыларды жеңген.
Өз кезегінде кіші Флойд Мейвезер бес салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы және боксшылардың салмақ дәрежесіне қарамайтын pound-for-pound рейтингінде көш басшы болған. Кейінгі орында Мейвезердің рингте басты қарсыласы атанған филиппиндік Мэнни Пакьяо орналасқан. Ал үздік үштікті 1963-1977 жылдары орта салмақтың жұлдызына айналған аргентиналық Карлос Монсон қорытындылап тұр.
Бір қызығы, аса ауыр салмақта бокс жұлдызына айналған әйгілі «Темір Майк», яғни Майк Тайсонға рейтингте орын бұйырмаған. Сондай-ақ аңыз боксшылардан Эвандер Холифилд, Рокки Марчиано және Роберто Дюранда үздік 10 боксшының рейтингіне енбей қалған.