Бұл тізімге Лос-Анжелес, Сан-Хосе, Сан-Франциско, Чикаго, Филадельфия, Питсбург, Даллас, Сан-Антонио, Майами, Жексонвилл, Орландо, Колумбус, Цинциннати, Дейтон, Кливленд, Сиэтл, Детройт, Миннеаполис, Сент-Пол, Луисвилл сияқты үлкен қалалар еніп отыр.
Мысалы, Нью-Йорк қаласында кешкі сағат 23:00-ден таңғы 05:00 дейін қозғалыс тәртібі шектелгені жайлы қала мэрі Билл де Блазио мәлімдеме таратты. Өйткені, өткен аптада қала бойынша 250-ге тарта тәртіп бұзушы ұсталса, 7 полиция қызметкері жарақат алған көрінеді.
Жоғарыдағы тәртіп талаптарын бұзған адам 3 айға қамауға алынады немесе 500 доллар айып төлейді. Бірақ өрт сөндірушілер, полиция һәм дәрігерлік қызметкерлер, азық-түлік дүкен иелері үшін жол ашық.