Қоғам • 02 Маусым, 2020

Nur Otan: Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар жасалды

18 рет көрсетілді

Nur Otan-ның Партиялық бақылау комитетін жайылымдық жерлер жеткілікті мөлшерде бола тұра, еліміздің көптеген аймақтарында ауыл тұрғындары үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі неліктен өзекті мәселе болып тұрғаны алаңдатады. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Партиялық бақылау комитетінің отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетов бүгінде ауыл шаруа қожалықтары ішкі нарыққа жеткізілетін сүттің 74,5%-ін және еттің 56%-ін өндіретінін атап өтті. Алайда малға жеткілікті жайылымның болмауы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне еріксіз қауіп төндіреді.

Статистикалық деректерге сәйкес ел тұрғындарының 41,5% ауылдық жерлерде тұрады. Бұл ретте ұжымдасқан шаруашылықтарда шамамен 3,2 млн бас мал болса, ал қосалқы шаруашылықтарда бұл көрсеткіш екі есе көп, яғни 6,7 млн шамасында.

Мал басының шамамен 80% ауылдың айналасында жайылатындықтан, елді мекендердің 5-6 шақырым радиустағы жайылымдық жерлері тозған, тозығы жеткен жерлердің аумағы - 20,9 гектар. Сонымен қатар ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге 73,4 млн гектар жер бөлінген, демек резервте 47,1 млн гектар жер бар.  

«Дәл қазіргі уақытта Ақтөбе қаласынан басқа барлық облыстағы елді мекендерде жайылымдық жер жетіспейді. Алайда, ірі шаруашылықтар барлық жерде жайылымдармен қамтамасыз етілген және олардың жартысын пайдаланбайды. Бұл жерлер ет пен сүтті өздері үшін өндіретін, арасында сатуға шығаратын қарапайым шаруашылықтары бар ауыл тұрғындары үшін ауадай  қажет», - деді Нұржан Әшімбетов. 

Айта кету керек, Nur Otan партиясы фракциясының депутаттары 2017 жылғы ақпанда күшіне енген «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлген болатын. Ол уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың жайылымдарды тиімді басқару және пайдалану жөніндегі жүйелі жұмысын көздейді. Заңның басты жаңалығы - елдің әр ауылдық округтері жергілікті климаттық ерекшеліктерді және тиісті аумақтарда мал жаюдың тиісті дәстүрлерін ескере отырып, жайылымдарды басқару мен оларды пайдаланудың өзіндік жоспарын әзірлейді. Бұл жоспар әрі қарай аудандық мәслихатта бекітіліп, әділет органдарында тіркеледі.

«Заңда мемлекет меншігі болып табылатын ауылдық жерлерде орналасқан жайылымдар жергілікті халықтың аналық (сүтті) малды күтіп-бағуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін берілетіні нақты көрсетілген. Ал тәжірибеде қандай? Жергілікті әкімдіктер жерді кәсіпкерлік субъектілеріне жалға берген. Аумақтық Партиялық бақылау комитеттері, мәслихат депутаттары, әкімдіктердің жауапты қызметкерлері - партия мүшелері, әкім орынбасарларынан бастап жер қатынастары бөлімдерінің басшылары қайда қарап отыр? Барлық ауылшаруашылық жерлерін тексеру және жер кадастрын цифрландыру өте баяу жүріп жатыр және барлығы бірдей сапалы емес. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары да дайын емес, дегенмен жыл сайын жерді геоботаникалық талдауға шамамен 7 миллиард теңге бөлінеді екен», - деді Нұржан Әшімбетов.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдархан Сапаров, егер жайылыммен қамтамасыз ету мәселелері заңнамалық деңгейде шешілетін болса, жергілікті жерлерде заңды жүзеге асыру кезінде мәселе туындайтынын түсіндірді.

«Жерге толық масштабты геоботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаржылық ресурстар жоқ, жайылымдық жерлерді ауыстыру схемалары мен жоспарларын тіркеу кезінде әділет органдары кедергі келтіреді, жер учаскесінің меншік иесі өзгерген кезде жоспарлар шығын әкеледі. Осыған орай, жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бізге депутаттардың көмегі қажет», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Партиялық бақылау комитеті мүшелерінен құралған жұмыс тобы отырысының қорытындысында, Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Nur Otan» партиясы фракциясы депутаттарына жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жайылымдық жерлерді бөлу, тарату және алып қою мәселелерін реттейтін заңнамалық актілерге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар пакетін әзірлеу ұсынылды:

- жайылымда бір жыл бойы мал жайылмаса немесе мал жаюға рұқсат етілген жер 40%-ынан кем мөлшерде пайдаланылып отырған болса, жерді алып қою мүмкіндігі;

- жайылымдарды басқару жоспарлары мен жайылымдарды ауыстыру схемаларын бекіту және олардың қолданылу мерзімін 2 жылдан 5 жылға дейін ұзартудың жаңа жеңілдетілген тәртібі;

- жайылымдарды пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау процесіне жергілікті билік органдарының да ат салысуы.

Сонымен қатар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне топырақ, геоботаникалық және басқа да зерттеулерге бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына аудит жүргізу ұсынылды.

Жергілікті атқарушы органдарға 2002-2004 жылдары жасалған елді мекендердің ұйымдық-экономикалық құрылымының жоспарларын қайта қарау және осы жоспарларға сәйкес елді мекендерге берілген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шараларын қабылдау қажет.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы жоспарларды әзірлеуге қатысатын әкімдік мамандары үшін жан-жақты оқыту жұмысы ұйымдастырылуы қажет.

Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Шаханов ауырып жатыр

Қазақстан • Бүгін, 11:56

ҚХЛ аңыздарының қатарында

Хоккей • Бүгін, 07:56

«Абай әндері» асқақтайды

Абай • Бүгін, 07:46

Қоғамда сенім пайда болды

Қоғам • Бүгін, 07:16

Қажет сөздер уақытында айтылды

Руханият • Бүгін, 07:10

Мобильді топ бақылайды

Аймақтар • Бүгін, 07:03

Ұпайдан шашау шықпайды

Теннис • Бүгін, 07:01

Көңілге медеу болған үндеу

Қоғам • Бүгін, 06:59

Әр заманның берері мен алары бар

Руханият • Бүгін, 06:51

COVID-19: Күрес шараларына қаржы бөлінді

Коронавирус • Бүгін, 06:45

Бейқамдықтан арылар емес

Қоғам • Бүгін, 06:39

Өндіріс көлемін 5 есеге арттырды

Технология • Бүгін, 06:36

Ерекше дарын иесі еді

Руханият • Бүгін, 06:35

Сақтықта қорлық жоқ

Коронавирус • Бүгін, 06:30

Ұқсас жаңалықтар