Технология • 02 Маусым, 2020

Apple Store дүкені не үшін қоршалуда?

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та афроамерикандық Джордж Флойдтың өліміне байланысты толқулар жүріп жатқанына бір аптаның жүзі болды. Кейбір жерлерде көтеріліп жатқан адамдар вандализмге барып, көптеген кеңселер мен қоғамдық орындар тоналуда.

Apple Store дүкені не үшін қоршалуда?

Сурет: rozetked.me

Портленд қаласында дүкендерден Apple немесе Louis Vuitton сияқты танымал брендердің тауарларын алып кеткен. Бірақ зиянкестер қолды қылған айфондар Apple тарапынан бірден блокқа қойылған және компания гаджеттерді қайтаруды талап еткен.

Осы жағдайларға байланысты Нью-Йорк қаласындағы Apple Store дүкені сақтықта қорлық жоқ деп металл конструкциялармен қоршалып жатыр. Бұл әйгілі дүкен 2019 жылғы қайта жөндеуден кейін қайтадан ашылған болатын. Дүкен формасы куб түрінде болғандықтан көздің жауын алады. Сол себепті болар алдын-ала осындай шаралар қолға алынып жатқан болар.