Бүгін «Білім. Ғылым. Бауырластық» атты түркі тілдес мемлекеттері жоғары оқу орындарының ынтымақтастығына арналған сұхбат-концерт өтті.

Онлайн форматтағы шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Түркияның Нигде Өмер Халисдемир университеті және Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің қызметкерлері мен өнерпаздары қатысты.
Алғаш болып сөз алған Қыздар университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қымбат Балажанова елімізде жарияланған карантин жағдайында қашықтан оқыту барысы туралы ақпарат беріп, осы орайда атқарылған жұмыстар жайында кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар ол академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде түркі тілдес мемлекеттерде білім алу мүмкіндіктерін айтты.
Сондай-ақ онлайн жиында Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Педагогика факультетінің деканы, «Мұғалім» ғылыми-педагогикалық журналының бас редакторы Рахат Сулайманова мен Нигде Өмер Халисдемир университетінің Еуразия зерттеулері бөлімінің басшысы Тургай Дүйен өз оқу орындары туралы толыққанды мәлімет берді.
Тікелей эфир барысында шетелдік ғалымдар түркі бірлігін дамыту орайында қолға алынып жатқан бастамалар мен білім және ғылым саласында түбі бір туыстас мемлекеттер арасындағы байланыстарды арттыру бағытында қолға алынған шаралар жайында да айтты.
Сондай-ақ олар «білім және ғылым саласында түбі бір туыстас мемлекеттер арасындағы байланыстарды арттыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Бұл тарапта не нәрсеге маңыз берген абзал?» деген сауалдарға да жауап берді.
Үш сағатқа созылған шара барысында аталған жоғары оқу орындарының өнер ұжымдары ұлттық музыкалық туындыларды орындап, төл мәдениетімізді дәріптеді.
Айта кетейік, Қыздар университетінің You Tube желісіндегі ресми арнасында өткен шараның көздегені – түбі бір туысқан мемлекеттердің білім, ғылым және мәдени ынтымақтастығының дамуын арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету.
Аталған білім ордаларының қатысуымен жыл сайын Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтіп келеді. Әлемдегі ғылым, білім саласында түркі әлеміне қатысты зерттеу жасап жүрген ғалымдардың басын қосып, ғылыми бағытта пікір алмасуды қамтамасыз ету, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашып, түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетінің кеңеюіне ықпал жасау – 2014 жылдан бастау алған дәстүрлі жиынның басты мақсаты.
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар