Әлем • 02 Маусым, 2020

Доллар бағасы арзандап жатыр

568 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыған қатысты сарапшылардың да пікірі қырық құбыла бастады. Кешегі пікір Ұлттық банкте доллардың массасы көбейіп кетті, сұраныс жоқ десе бүгінгі пікір одан сайын салмақты. Сарапшылар мұнай, шикізат бағасынан мән кете бастаған тұста арзан доллар біз үшін қуана қоятындай жағдай емес екенін айтып жатыр. Себебі арзан доллар импорт бағасын тұрақтандырғанмен, арзандауына әсер ете алмайтыны белгілі болып қалды. 

Доллар бағасы арзандап жатыр

Ұзақ жылдар бойы Ұлттық банкте бірнеше төрағаның кеңесшісі болған қаржыгер Ілияс Исаев АҚШ долларына әсер етіп отырған фактор ретінде геосаяси жағдайларды айтады. Қытай мен АҚШ арасы шиенелісіп барады. Одан бөлек АҚШ-тың ішкі жағдайы да мәз емес. Көптеген елдер халықаралық сауда айналымында АҚШ долларынан бас тартып, ұлттық валютасын қолдана бастады: ЕАЭО елдері де өз ара сауда айналымында ұлттық валюталарына басымдық беруге ниет танытып жүр. «Алдағы жарты жылдықта долларға сұранысқа себеп болатын фактор көріп тұрған жоқпын.  АҚШ доллары мен теңге дәлізі 1 АҚШ доллары 400-420 теңге дәлізінде болады.Бұл бізге екі жақты әсер етіп жатыр. АҚШ долларымен бағаланып келетін импорт бағасы қымбаттамайды. Ал кері әсері шикізат, мұнай экспорты үшін АҚШ долларын төлем құралы ретінде пайдаланымыз. Мұнай бағасынан құн  кете бастаған уақытта бұл біз үшін аса тиімді баға емес» дейді Ілияс Исаев.  

Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағасы шамамен 6 теңгеге арзандады. Бұл ақпаратты кешкісін Қазақстан  Қор биржасының ресми сайты хабарлады.

2 маусымда өткен таңертеңгілік сауда-саттық нәтижесінде америкалық валюта арзандады – оның бағасы бірден 5,7 теңгеге төмендеді.

Ресми валюта бағамына сәйкес, қазір 1 доллар 402,7 теңгеге бағалануда. Қазақстан қалаларындағы ақша айырбастау нүктелері соңғы сауда-саттық нәтижелеріне байланысты шетелдік валюта бағасын жаңартты.

Алматының ақша айырбастау нүктелерінде долларды 402,8-406 теңгеден сатып алуға болады. Алматыда доллардың орташа бағасы 403,9 теңгеден сатылып жатыр.