03 Қазан, 2013

Мүлтіксіз білім мен жаңашыл таным

360 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Еліміздің білім және ғылым саласындағы жаңа қадамдары жаңаша көзқарасты қажет етеді. Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің саяси бағытын айқындауда «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» деп атап өткен болатын.

Әлемдік озық тәжірибелерді таразылап, талдай отырып жасалған еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасында жоғары оқу орын­дарының қызметін жоғары білім берудің әлем­дік үлгісіне сәйкестендіріп, академиялық ұтқыр­лықты қалыптастыру міндеті атап көрсетілген.

Еліміздің білім және ғылым саласындағы жаңа қадамдары жаңаша көзқарасты қажет етеді. Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің саяси бағытын айқындауда «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» деп атап өткен болатын.

Әлемдік озық тәжірибелерді таразылап, талдай отырып жасалған еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасында жоғары оқу орын­дарының қызметін жоғары білім берудің әлем­дік үлгісіне сәйкестендіріп, академиялық ұтқыр­лықты қалыптастыру міндеті атап көрсетілген.

Білім беру жүйесі жоғары білік-дағды мен нарықтық экономика жағдайында оны іс жүзіне пайдалану қабілетін қалыптастыруды көздеуі тиіс. Қазіргі қоғамда бәсекеге қабілеттіліктің басты белгісі – мүлтіксіз білім мен технологияға икемділік. Сол себептен еліміздің болашағы – зият­кер ұлт пен инновацияға негізделген экономика.

Осы кезекте әрбір жоғары оқу орны жауыр болған шеңберден шығып, былайша айтқанда, құлашты кеңге сермеуі керек. Яғни, ел ішіндегі өзге де білім ордаларымен, мекемелермен қарым-қатынас жасаумен қатар, шетелдік әріптестерімізбен де тығыз байланыс орнату ауадай қажет. Осыған орай біздің университетіміз бен алыс-жақын шетелдік білім беру мекемелері арасында жемісті әріптестік қатынас орнап келеді. Студенттер мен магистранттарымыз «сыртқа шығып» білімдерін жетілдірсе, университетіміздегі профессор-оқытушылық құрамы Президенттік «Болашақ» бағдарламасы арқылы Америка, Батыс Еуропа елдерінде біліктілігін арттыруда. Бірнеше жылдар бойы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен, Шыңжаң мемлекеттік университетімен, Шыңжаң қаржы-экономика университетімен әріптестік қарым-қатынас негізінде студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылуда. Әлеуметтану саласы бойынша гуманитарлық бағытта маманданған оқытушыларымыз АҚШ университеттерінде біліктілік көтеру курсынан өтті. Жекелеген оқытушыларымыз Ұлыбританияның Брунель университетінде «Білім беру саласын басқару» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Студенттер мен оқытушыларды өзара алмастыру бағдарламасы негізінде Оңтүстік Корея елшілігімен келісімге отырып, білім және ғылым саласы бойынша ауқымды жобалар жоспарлап отырмыз.

Қазіргі білім мекемелерінің көсегесін көгертетін тағы бір жағдай – олардың өндіріс және бизнеспен оңтайлы байланыс орнатуы. Бұл мәселенің де басқасын былай қойғанда, маңызды үш қыры бар: біріншіден, білім алушылардың теориялық танымын практикалық дағдымен ұштастыру, оны ертеңгі өмірінде дұрыс пайдалана білу қабілетін қалыптастыру; екіншіден, келешек жұмыс берушіге қарай жол салу; үшіншіден, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін өндіріспен бірлесе отырып татымды жобаларды жүзеге асыру негізінде ортақ пайда табу. Бұл үшін Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылатын – біздің батыс аймақ, әсіресе, қолайлы мекен деп айтуға толық негіз бар. Каспий маңы ойпаты, Қарашығанақ мұнай-газ кен орны, өзімізде орналасқан Жаңажол газ өңдеу зауыты, Хромтау, т.б. өндіріс орындары білікті мамандарға зәру. Біздің университетімізде осындай өндіріс саласымен айналысатын «Каспий мұнай» АҚ, «Ұлы Қабырға Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС, «Жайық Мұнай» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар мен мекемелердің қаржыландыруы негізінде 100-ден астам студент білім алуда. Біз де, өз кезегі­мізде, аймақтық өндіріс пен қоғамдық сұра­нысты ескере отырып мамандар даярлау ісін сәйкес бағытқа икемдеуге тырысудамыз. Бүгін­гі таңда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе уни­верситетінде 24 мамандық бойынша бака­лав­риат, 8 мамандық бойынша магистра­ту­ра бағ­дарламасы жүзеге асырылады. Осылай­­ша бар­лы­ғын алғанда 5 мыңға жуық шәкірт бі­лім алады.

Мемлекет басшысы «Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет» деген болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда да өз тарапымыздан белгілі деңгейде үлесімізді қосып келеміз деп айта аламын. Университетте іргелі зерттеулерге арналған 3, қолданбалы бағыттағы 2 және инновациялық сипаттағы 3 ғылыми жоба жүзеге асырылу үстінде. Олардың барлығы дерлік шаруашылық-келісімшарт негізіндегі зерттеу жобалары.

Материалдық құндылықпен қоса, университетімізде рухани салаға да баса мән беріледі. Педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану, студенттерді сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету, тарих пәнін үйретудегі ерекшеліктер өз орнын табуда. Мәселен, қазіргі жоғары оқу орындарындағы Қазақстан тарихы пәнін оқыту күрделі жағдайға ұшырап отыр. Осыған байланысты биылғы маусым айында Астанада өткізілген Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі отырыста Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің баяндамасы халық көңіліне қонымды болды. Ол баяндамада белгіленген Қазақстан тарихын жоғары оқу орындарында оқыту және зерделеудің жаңа бағыттары біздің университет ұжымында да кең қолданыс тауып отыр.

Халел ҚҰСАЙЫНОВ,

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Соңғы жаңалықтар