03 Қазан, 2013

Барлаушылар жүктелген тапсырмаларды сәтті орындады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Қаратау-2013» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары аяқталды. Оған арнайы мақсаттағы топтар мен Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері қатысты. Сондай-ақ, оқу тапсырмаларын пысықтауға Әуе қорғанысы және Әскери-теңіз күштерінің басқару органдары да тартылды.

Қарулы Күштерде «Қаратау» оқу-жаттығулары жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жат­тығулар өткен жылдармен салыс­тырғанда, бір ғана полигонмен шектелмей, барлық өңірлік қол­бас­шылықтардың бірнеше оқу орта­лықтарының базасында өткізілді.

Барлаушылар бес күн бойы шарт­ты қарсыласты анықтау, блок қою және оларды жою бо­йынша тәжірибелік іс-қи­мыл­дар­ды пысықтады. Жаттығулар ба­рынша шынайы жауынгерлік жағдайға жақын өткізілді. Далада қону, кенеттен шабуыл жасау, шарт­ты қарсыластың жауап оқ атуы сияқты ұрыс жүргізудің жедел-так­тикалық жағдайында жүргізілді.

«Қаратау-2013» оқу-жаттығу­ларын қолбасшылық жоғары бағалады. Бөлімшелер тапсырмаларды сауатты орындап шыққаны ерекше айтылды. Дайындық ке­зінде әскери қызметшілер жауын­герлік әзірлік деңгейін арттырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүр­гізудің әдістері мен тактикасын жетілдіре алды.

«Егемен-ақпарат».