Президент • 03 Маусым, 2020

«Астық саласындағы ОПЕК» құруда оның ДСҰ стандарттарына сәйкес келуін ойлану қажет - Президент

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ресейлік «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында  «Астық саласындағы ОПЕК» құру бастамасына қатысты пікір білдірді. 

«Астық саласындағы ОПЕК» құруда оның ДСҰ стандарттарына сәйкес келуін ойлану қажет - Президент

«Ресей мен Қазақстан әлемдегі бидай экспорттаушы елдердің алғашқы ондығына кіреді. Әлемдік бидай экспортындағы біздің үлесіміз 3%-ды құрайды. ОПЕК-тің шешімдері мұнай бағасының қолайлы болуына қол жеткізу үшін өндіріс көлемін тежеуге бағытталғаны белгілі. «Астық саласындағы ОПЕК» құру астық нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және астықтың бағасына қатысты саясатты үйлестіруге бағытталған қызықты бастама болуы мүмкін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік басылымға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ауа райы мен егін түсімі бағаға елеулі ықпал етеді. Қазақстанды қоса алғанда, бірқатар елдің теңізге тіке шыға алмауына байланысты нақты сауда-саттық шектеулер болады.

«Шекті бағалардың енгізілуінен аталған елдер зардап шегуі мүмкін. Содан кейін мұндай картель құру барысында астық өндірісі шағын мемлекеттердің мүдделерін ескеру керек. Сондай-ақ «Астық саласындағы ОПЕК» құру ісінде оның ДСҰ стандарттарына сәйкес келуін де ойлану қажет. Дегенмен осы тұжырымдаманың өзі мүдделі мамандардың талқылауына әбден лайық», - делінген сұхбатта.