03 Қазан, 2013

Батыс Қазақстан жұрты облыс әкімін жыға танымайтын сияқты

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

03-10-13-akim-ural-1

Батыс Қазақстан облысының кейбір тұрғындары әлі күнге дейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаевты жүзбе-жүз білмейтін болып шықты. Тіпті сұралғандар арасында аймақтың нөмірі бірінші азаматының атын естеріне түсіре алмағандар бар. Бұл туралы NUR.KZ сайты хабарлады.

«Дегенмен, елдің кейбірі әкімнің аты-жөнін білмесе де, оның силуэтін жақсы таниды екен. Ал еліміздегі аймақ әкімдерінің жұмыс барысына баға берген ұйым рейтингісінің соңғы мәлімдемесі бойынша, Нұрлан Аскарұлы 16 әкімнің ішінде 14-орыннан төбе көрсеткен», - делінген онда..

«Ноғаевтың жүзін көруді армандаған» журналистер әкімнің қағаз бейнесін (суретте) қалаға алып шығып, халықпен кездесу өткізбек болғаны көпшіліктің әлі есінде. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сол кезге дейін өздерімен бір рет те кездеспеген облыс әкімін осылайша сілкіндірмек болыпты. Олардың мұнысынан ақыры нәтиже де шықты. Әкім Нұрлан Ноғаев ақыры қалам ұстаған ағайынның алдына келді. Қайта. Осы оқиғадан кейін жұрт өз әкімдеріне назар аудара бастаған сияқты.

Ал «Саясат мониторинг» ұйымы жүргізген облыстар әкімдерінің рейтингінде Батыс Қазақстан облысының әкіміне танымалдығы мен беделі жағынан 14-ші орын берілді. «Бірақ он алты әкімнің он төртіншісі болғанына Ноғаев мырза ренжімейді», - деп жазады осыған орай сайт тілшісі.

«Мен енді таңертең тұрып алып, «Саясат.kz» немесе басқасын қарап, «анау не деді екен, мынау не деді екен» деп біреудің мазасын алып отыратын болсам, онда менде жұмыс жүрмейді», - дейді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Және онысы да рас.

Құрыш Нұрымбет.

Соңғы жаңалықтар