
Бүгін, қазанның 3-і күні Қарағандының «Шахтері» Астанада Израильдің «Маккаби» командасын қабылдайды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
Бұған дейін бұл командалар бірінші утрды ойындарын өткізіп, екеуі де оны сәтсіз аяқтаған болатын. Өткен жолы Грекияның Салоники қаласында жергілікті ПАОК-пен ұшырасқан «Шахтер» 1:2 есебімен ұтылса, «Маккаби» Голландияның АЗ (Алькмаар) командасымен кездесіп, 0:1 есеімен тізе бүккен еді.
Алайда Хайфа футболшылары бұдан кейін өз елдерінің чемпионатында тқөрт ойын ойнап, бәрін де де жеңіске жетті.
Бүгінгі матч сағат 22:00-де Астандағы «Астана-Арена» спорт кешенінде өтеді.
Матчтан тікелей эфирде репортаж жүргізіледі.
Дамир Қожамқұл.