Қоғам • 03 Маусым, 2020

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы наразылық шерулерге қатысты пікір білдірді

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы наразылық шерулерге қатысты пікірін  Instagram парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы наразылық шерулерге қатысты пікір білдірді

«Нашар ұлт не нашар нәсіл болмайды. Әлемде расизм жоқ, барлық адам бірдей. Ерте ме кеш пе бәріміздің бір Құдайдың алдына барарымыз белгілі. Менің өте талантты афроамерикалық достарым бар. Олармен жақсы қарым-қатынастамыз. Әлемде тек жақсылық орнасын! Бұл өмірде бәріміз қонақпыз. Расизмге жол жоқ», деп жазды Димаш Құдайберген.

Еске сала кетейік, АҚШ-тағы наразылық шеруіне Миннесота штатында афроамерикалық азаматтың тәртіп сақшысының қолынан көз жұмуы себеп болған еді. Осы қайғылы оқиғадан соң, Американың барлық штатында әділдік талап еткен жұрт ереуілге шықты.