«Қостанай қаласында екі күн ішінде терек мамығы салдарынан 50-ден астам өрт тіркеліп отыр. Абай көшесіндегі жылу құбырының өртенуі де осының салдарынан. Өрт сөндірушілер қауіптің бетін дер кезінде қайтарды. Терек мамығынан құтылудың бір ғана жолы бар. Ол – су себу. Ал терек мамығын өртеу үлкен шығындарға әкеп соғуы ықтимал. Ыстық және құрғақ күнде балалардың жанғыш заттармен ойнауына жол бермеу керек. Ал ересектер сіріңке мен өшірілмеген темекіні жерге тастамағандары дұрыс. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің қатаңдағанын ескертеміз», - деді Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі орталығы бастығының орынбасары Абай Оспанов.
Мамандардың айтуынша, терек мамықтары тез тұтанып, соңынан қара түтін қалдырады. Мамықтың жиналу орындарын, әсіресе ағаштардың маңын жүйелі түрде тазалау, балаларға оны жағуға рұқсат бермеу қажет. Мұндай қарапайым қағидаларды сақтау өрттің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қостанай облысы