03 Қазан, 2013

Владимир Путин Нобель сыйлығына ұсынылды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-10-13-maduras-putin

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Нобель сыйлығына ұсынған Ресей мемлекеттік думасының депутаттарын Венесуэла президенті Николас Мадуро қолдады. Николас Мадуро Сирияға төнген сыртқы шабуылдың бетін қайтаруға үлкен ықпал жасап, әлемді ықтимал соғыс өртінен құтқарып қалған В.Путинге Нобель сыйлығы берілуі тиіс деп есептейді. Бұл туралы «Life News» сайты хабарлады.  

Николас Мадуро: «Қазіргі таңда Нобель сыйлығын алуға лайықты бірден-бір тұлға Владимир Путин. Ол Сирия халқына төнген соғысты тоқтатуға зор көмегін тигізді», – деді.

В.Путинді аталмыш мәртебелі сыйлыққа 2013 жылдың 16 қыркүйегінде Ресей мемлекеттік думасы ұсынған. Жалпы, аталған бастама Ресейдің Халықаралық рухани бірлік және ынтымақтастық академиясы тарапынан көтерілген.

Бүгінге дейін Нобель сыйлығына үміткер ретінде 259 адам тіркеліпті. Бұл рекордтық көрсеткіш көрінеді.

Жолдыбай Базар.

Соңғы жаңалықтар