Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Алматыда құрылыс алаңынан өрт шықты

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанынан өрт шықты. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда құрылыс алаңынан өрт шықты

Төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 13:55-те «101» пультіне Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 150 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұдан соң, өрт сөндіру бригадасы шұғыл түрде аталған мекенжайға жіберілген. Белгілі болғандай, өрт салынып жатқан ғимараттан шыққан.

«Тілсіз жау сағат 14:14-те ауыздықталды. Оның көрші орналасқан ғимаратқа таралуына жол берілмеді. Қазір өрт аумағы анықталып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 17 жеке құрам мүшесі мен 4 техника жұмылдырылған», делінген хабарламада.

Сондай-ақ ғимараттың шатырында  газ балоны жарылғаны анықталды.